Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

 
 
№6 Лекция- 2 сағат
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы. Қазақстандағы радиациялық 
ластанған аймақтар. Ядролық полигондар. 
 
Радиация - дегеніміз энергияның толқын және бөлшек (өте ұсақ) түрде ауаға және 
денеге (физикалық дене) таралуы. Радиация бірнеше топқа бөлінеді: Электромагниттік 
радиация, мысалы, микротолқындар (тамақ жылытатын пеште болады), инфрақызыл 
сәулесі (лаборатория 
да 
көп 
қолданылатын 
инструментте 
болады), 
күн 
сәулесі, ултракүлгін сәулесі, рентген сәулесі және гамма радиация. Бөлшекті радиация - 
бұған алфа радиация, бета радиация және нейтрон радиациясы жатады. Акостик радиация- 
ултрадыбыс толқындары, дыбыс толқындары жатады. Гравитациялық радиация -
 гравитациялық толқындардан 
пайда болады. Демек біздің айналамыз толған 
РАДИАЦИЯ. Қандай радиация зиянды? 
Энергиясы 10 eV (электрон вольт) тан жоғары болатын радиация өте зиянды. Бұндай 
сәулелер немесе толқындар денеде өзгеріс тұғызады. Ондай зиянды радиацияға 
жататындары: α, β, және γ сәулелері, Рентген сәулесі. Бұл сәулелер қайдан шығады? 
Рентген сәулесі біз медицинада үнемі қолданылатын Рентген апаратыннан шығады. 
Ал α, β, және γ сәулелері біріншіден күннен шығады да жерге өте аз мөлшерде 
жетеді. Екіншіден атомдық номері 84 тен үлкен (Tc мен Pm ді қоспағанда) барлық 
металдар радиоактивті болып келеді. Ал радиоактивті металдар өте бағалы болып келеді. 
Ондай металдар ядролық қаруларда, атом оғында (атом бомбасы), радиоактивті 
зымырандарда, Атом электр станциясында қолданылады.
Радиация әсері
 
Радияция түрі мен деңгейі қорғалмаған адам үшін қауіпті екенін білдіретін 
халықаралық радияция символы бар. Бүкіл табиғатта, яғни жарық пен дыбыста жалпы 
түрдегі радияция болады. Олар адам денесіне соншылық қауіпті болмайды. 
Жасанды радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына 
зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен 
құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын 
өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. 
Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір 
елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран 
өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмацуына байланысты болып 
отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға, 
адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, 
дамуында түрлі кемістіктері бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары және тағы басқа) 
ауру балалар мен адамдардың саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи 
радиабелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организмдер сияқты адамға да табиғи 
сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері адам организмде ауытқуларды және 
әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін 
анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің 
артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді, тыныс алу, көз, тері 
және тағы басқа ауруларға себеп болады. 
Радиациялық ластану. 
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – 
радиациялық ластану
болып қалып отыр. 
Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи 


31 
ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да 
механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден 
жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам 
денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған 
ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам 
денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. 
Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған 
ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық 
кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі: 
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий 
ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің 
әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі); 
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты 
болатын ластану (химиялық ластану түрі). Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын 
сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет