27
түседі. Ал, олардан зияны әртүрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды
қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі. Зиянды заттардың
көпшілігі табиғатта
айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни,
атмосфера уаусының ластануы, су айналасының бұзылуы, жердің құнарсыздануы,
қуаңшылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып
кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-
соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары
антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға
әсері айқын біліне
бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-
теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде
қарастырылуда.
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы
бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың
бұрыннан қалыптасқан
жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді.
Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және
бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1840 ж.)
ашқан. Оны минимуму заңы дейді. Минимум заңының өмірде практикалық маңызы зор.
Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторлардың біле отырып мол өнім алуға
немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең
жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың
есімімен аталады. Заңның негізгі – организмдердің факторларға деген талғамының
шектелуі. Кез-келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып
кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің
құрып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына
әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе,
жабайы аңдар
мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндурі жұмыстарында төзімділік заңының
негізгі тәртіптері ескеріледі. Сондықтан кез-келген организм үшін өзіне тән қолайлы
тіршілік ету жағдайы болады. Оны – оптимум заңы дейді. Яғни, организмнің ұрпақ беріп,
толыққанды тіршілігін жалғастырып отыратын аймағы.
Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына,
оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз
экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Организмдердің бұл тобын
эврибионтты түрлер дейді. Мәселен, Іле Алатаунының шыршалы орманында тіршілік
ететін ақтиін үшін шектеуші фактор – қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек
дәнмен қоректенетін құстар басым болады. Әсіресе, сексеуілді
ормандардың тұрғыны
сексеуіл жорға торғайы, Іле Алатаунының батыс бөлігінде, Ақсу-Жабағлы қорығында
кездесетін жұмақ торғай,
Алакөлдің реликті шағаласы, шөл-шөлейтті құмды аймақтың
сәні – қарақұйрық т.б. аң мен құстар таралуы шектелген стенобионтты түрлерге жатады.
Стенеобионтты организмдердің эврибионтты организмдерден айырмашылығы таралу
аймағының шектелуіне байланысты морфологиялық, физиологиялық және экологиялық
жағынан бейімделу ерекшеліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер – түсінің ортаға
қарай ұласуы, түнге қарай активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу т.б. қасиеттері жатады.
Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биологиялық көптүрлілігіне әсер
етуімен бірге олардың географиялық белдеулер және
табиғат зоналары бойынша
таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде, табиғаттың әртүрлі ландшафтарында
микроорганизмдер, жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ
жағдайда тіршілік етеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Орта, ортаның тірі ағзаларға әсері қандай?
28
2. Экологиялық факторлар
3. Экожүйенің абиотикалық құрамына не жатады?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.К. Бродский Жалпы экологияның қысқаша курсы Алматы.Ғ.-1998. Б.22-47.
2. Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты
пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.37-71.
3. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.Рбк,1995. Б. 16-42.
Достарыңызбен бөлісу: