Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

№4 Лекция- 2 сағат 
Ағза және орта. Экожүйенің абиотикалық құрамы. Экологиялық факторлар 
 
Жер шарында тіршіліктің пайда болуы мен дамуы тарихи-геологиялық ұзақ 
жылдарды қамтиды.
Тірі материяның дамуы, қалыптасуы мен жаңа түрлердің келіп шығуы эволюциялық 
даму процесінің жемісі болып табылады. 
Нәтижесінде, жер шарындағы алғашқы тіршіліктің пайда болуы, одан тірі 
организмдердің құрлыққа шығуы, топырақ түзілу процестері бәрі де тірі организмдердің 
жер бетінде табиғи заңдылықпен таралуына әкеп соқты. Организмдердің суда, құрылқ пен 
әуеде, топырақта тіршілік ететін формалары келіп шықты. Организмдер үшін тіршілік 
ортасы бірден қолайлы болмады. Нәтижесінде, бейміделуге қабілетсіз түрлер (фауна мен 
флора өкілдері) жер бетінен біржола жойылып отырады. Ал, бейімделуге қабілетті табиғи 
сұрыптаудан өткендердің құрылық пен судағы аясы кеңіп гүлдене түсті. Әсіресе, жер 
бетінде топырақ қабатының пайда болуы организмдер әлемін жер шарының материктер 
мен географиялық белдеулер бойынша кең таралуына жағдай жасады. Бертін келе фауна 
мен флора жер шарының қолайлы ортасын мекендеп өзінің тіршілік ортасына 
айналдырады. 
Тіршілік ортасы дегеніміз – кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын 
жалғастыруға қолайлы табиғи-тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында 
негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық-әуе, топырақ және организмдердің өзі. 
Су тіршілік ортасы. Гидросфера – планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су 
– жер шарының барлы көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 98% - мұхиттар 
мен теңіздер құрайды. Қалған 2% мәңгі мұздықтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне 
тиеді. Суларда жануарлардың 150000, өсімдіктердің 10000 астам түрі тіршілік етеді. 
Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тән ерекшеліктері 
болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентарциясын, қысым, оттегінің 
мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, 
судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамыз. 
Судағы барлық организмдерге тән қасиет – жүзу. Дегенмен, көптеген балдырлар, 
кейбір ағзалар бекініп тіршілік етуге бейімделген. Жүзуге немесе баяу қозғалуға 
байланысты 
гидробионадтарда 
құрылық 
организмдеріне 
болмайтын 
ерекше 
морфологиялық өскіншелер, жүзу немесе есу аяқтары мен қанаттары, су жұқтырмайтын 
заттар мен көптеген қасиеттер пайда болған. Мәселен, тау өзендерінде тіршілік ететін 
балықтардың денесі дөңгелек әрі ықшамды ағысқа қарсы жүзуге бейім болып келсе, 
жазық жердегі көлдердегі балықтар керісінше ірі әрі жалпақ болып келеді. Ал, 
мұхиттардың әртүрлі тереңдіктеріндегі организмдердің морфологиялық құрылысы, дене 
тұрқы мен қозғалуы мүлдем басқаша. Теңіздер мен мұхиттардағы организмдер: Ала 
жолақты тюлень, шабақ, теңіз мысығы, камбала, теңіз тасбақасы, акула. 
Жануарлардың суға бейімделуі де сан алуан. Олардың біз анатомия – 
морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлық және басқа да бейімдеу қабілеттерін 
байқауға болады. Мәселен, судың қалың қабатында тіршілік ететін организмдерде 
жүзгіштік, икемділік, денесіндегі жүзгіш қанаттары жақсы жетілсе, ал бентос топтарында 
керісінше жүзуге икемсіз және су түбіндегі заттарға жабысып қалуға бейімделген 
мүшелері жақсы жетілген. 
Су организмдерінің ішінде медузалар, екі моллюскалар, инеліктің личинкасы өз 
денесінен атқылаған су энергиясының күшімен тез жүзуге бейімделген. Бұл құбылыс 
әсіресе бас аяқты моллюскада жақсы байқалады. Ал, осы әдіспен қозғалатын кальмардың 
жылдамдығы сағатына 40-50 км алатын көрінеді. Ірі киттерде жүзуді жүзуге асыратын 
жақсы жетілген әрі қуатты жүзгіш қанаттары мен ескек аяқтары болса керек. 


24 
Тұщы су гидробионаттарының кейбірі су бетінде кәдімгі құрылықтағыдай 
сырғанапта жүреді. Мәселен, тоқтау сулар мен көлшік бетіне көңіл аударсаңыз «жүзгіш» 
насекомдардың біраз өкілін көреміз. Олар – кәдімгі су қандалалары мен су қоңыздарының 
өкілдері. 
Құрылық - әуе тіршілік ортасы 
Құрылық - әуе организмдер үшін күрделі өзгерістер үздіксіз жүріп жататын, 
табиғаты сан-қилы орта. Мұнда атмосфераның газдың құрамы, ылғал, тығыздық, қысым 
т.б. факторлар жиынтығы литосфера қабығымен қат-қабат байланысып жатады. 
Жануарлар мен өсімдіктер құрылық-әуе кеңістігінде тіршілік етуге бейімделіп оны 
толықтыра түседі. Тіршілік ортасына тән көптеген қасиеттерді байқауға болады. Мәселен, 
жарықтың мол түсуі, температура ауытқуының күшті байқалуы, ауа-райының маусым мен 
тәулік бойынша өзгеруі т.б. Аталған факторлардың күрделілігіне байланысты 
организмдер 
дүниесі 
эволюциялық 
даму 
жолында 
анатомия-морфологиялық, 
физиологиялық, эталогиялық т.б. бейімделулерге мәжбүр болуы. Оттегімен демалу үшін 
тыныс алу мүшелері жетіле түсті (устица, өкпе, трахея), тірек қаңқасы, қолайсыз 
жағдайлардан сақтану әдістері (орын ауыстыру, ін қазу) ұшуға бейімді жануарлар мен 
құстардың жаңа түрлері пайда болды. Құрылық - әуе факторларының ішінде – ауа, 
жауын-шашын, топырақ ылғалы, эко және микроклимат және географиялық белдеулер 
организмдер үшін үлкен роль атқарады. Құрылық - әуе тіршілік ортасына бейімделген 
организмдер. Мысалы: Ақ ләйлек, қоқизаз, бұйра бірқазан, махаон. 
Топырақ – тіршілік ортасы Жер бетінде топырақ түзілу процесі – ұзаққа созылған 
биогеохимиялық айналымның жемісі. Топырақтың түзілуімен байланысты жер шарының 
ұсқыны да өзгереді. Яғни, жер бетін жасыл өсімдіктер әлемі басады. Одан соң топырақтың 
микро және макро фаунасы қалыптасқан. Өсімдіктер мен жануарлар және өлі табиғат 
арасындағы трофикалық қарым-қатынастар топырақ түзелу процесін, оның физикалық, 
химиялық және механикалық құрылымын жақсарта түсті. Мәселен, топырақтың жоғарғы 
горизонтында өсімдіктерге қажетті – азаот, калий, кальций, фосфор және т.б. химиялық 
элементтер жинақталады. Ал, топырақ ылғалы өн бойына оттегі, еріген тұздар, минералды 
заттарды сіңіріп немесе қышқылдық ортаны қалыптастырады. 
Топырақтың құнарлы қабатын түзудегі микроорганизмдер, өсімдік пен жануарлар 
өкілдерінің ролін ерекше атаған жөн. Микроорганизмдер – көзге көрінбейтін ұсақ 
болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Олар әртүрлі өсімдік пен жануарлардың 
қалдықтарымен қоректене отырып топырақты оттегімен және органикалық заттармен 
байытады. Олардың ішінде топырақта көп кездесетіні микрофлора өкілдері – 
саңырауқұлақтар, актиномицеттер мен бактериялар. Ал топрыақ микрофаунасы өкілдері 
– амеба, талшықтар мен кіпікшелі қарапайымдар жыртқыш немесе паразит ретінде зат 
және энергия алмасуда жүзеге асырады. Топырақ тіршілік ортасына бейімделген 
организмдер: Қарапайым жәндіктер, ұсақ кенелер мен насекомдар, жауын құрты, ұлу, 
шырыш, қоңыз, қырқаяқ. 
Аутэкология жеке организмдер арасындағы қарым қатынастарды табиғи ортасымен 
байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Кез келген тірі организм өзін айнала 
қоршаған табиғи ортамен тығыз байланысты ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, 
минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әртүрлі құбылыстар. Табиғи ортаның 
компоненттері (ірі немесе ұсақ бөліктері) тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі 
мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы 
тиіс. Мәселен, көл бақасы үшін ылғалы мол көл жағасы оның қалыпты өрбіп-көбеюіне 
қолайлы орта. Ал, қуаңшылықты дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз өмір 
сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақта организм үшін табиғаттың барлық 
элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте 
қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. 
Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына 


25 
тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған ортаның компоненттерінің жиынтығы. Ал, 
организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи 
ортаның элементтерін айтамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет