14
зат және энергия алмасуды жүзеге асыруы болып табылады. Атмосфералық ауа түрлі
газдардың қоспасы.Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегі, 0,93% аргон, 0,03%
көмірқышқыл газы бар. Ал қалған 1% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б.
газдардың үлесіне тиеді.
Табиғат үшін атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Ол біріншіден,
фотосинтез үшін көмірқышқыл газының және тыныс алу үшін оттектің көзі. Жер бетінде
оттексіз тіршілік жоқ.. Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеттері нәтижиесінде түзіледі.
Ал басқа организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі.
Атмосфераны
ластайтын заттардың негізгі көздері
-өнеркәсіп,
зауыт, автокөліктер, жылу
энергетикасы,соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т.б. Осы аталған
ластаушы көздерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің
қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Пайда болған
химиялық өнімдер суға топыраққа түсіп, барлық тірі организмдер мен табиғат үшін қауіп
төндіреді. Атмосфераның ластануы табиғи және антропогендік өзгерістерден туындайды.
Табиғи ластану- атмосфераның табиғи құбылыстардың (жанартаулардың
атқылауынан,
тау жыныстарының желденуінен, өсімдіктердің жаппай гүлденуі, орман және дала
өрттері, шаң т.б.) әсеріннен туындайды. Атмосферада үнімі белгілі мөлшерде шаң болады,
ол табиғатта жүріп жатқан табиғи процестердің нәтижиесінде болады. Шаңның үш түрі:
Минералдық (тау жыныстарының үгілуі, вулкандар атқылауы, орман дала трофтарының
өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы), органикалық (ауада аэропланктондар-
бактериялар,саңырауқұлақтардың споралары мен өсімдіктер
тозаңдары және өсімдіктер
мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері т.б.) космостық (жанған метеориттердің
қалдықтарынан түзіледі)
Антропогендік- адамның іс-әрекеті нәтижиесінде, түрлі ластағыш заттардың
шығарылуы мен тасталуы. Табиғи ластануға қарағанда антропогендік ластану өте қауіпті
әрі ластану деңгейі жоғары. Ластану деңгейіне қарай жергілікті, өлкелік, ғаламдық болып
жіктеледі.
Атмосфераның ластануынан туындайтын зардаптар:
Смог (а
ғылшын тілінен аударғанда улы туман)-
өнеркәсіпте, және т.б. қажеттіктер
үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болатын улы қосылыс. Смогтың екі түрі болады:
Лондондық
смог-үлкен
өндіріс
орындары
шоғырланған
қалаларда
қыста
түзіледі.Лондонда смогтар ХІХ ғасырдың соңынан бастап белгілі болды.Әсіресе, 1952
және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді. Фотохимиялық смог-
тек жазда ғана түзіледі. Негізінен атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон,
күн радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижиесінде туындайды.
Автомобильдерден шығатын газдар құрамындағы улы заттар адам ағзасына әсер етеді, ол
қатерлі әрі кең ауқымдаәсер етеді, жөтелуден бакстап, өлім-жітіммен аяқталады. Бұл ауру
тұманның және шаң-тозаңның-фотохимиялық құрылымның улы қоспасынан туындайды.
Бұл автомабиль газдары қосылған ауаға күн радиациясының активтілігі күшейетін жаз
кезінде орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: