10
Ауа бассейнінің тағы бір өзекті проблемасының бірі- қышқылды жауындар.
Қышқылды жауындар - азот пен күкірт қышқылдарының жауынның құрамындағы
мөлшерінің көбейіп кетуінен болады. Аталған химиялық қосылыстардың көбейіп кетуінің
негізгі көзі- көмір, мазут отындарын жаққанда, автокөліктен бөлінетін улы газдардан
ауаға бөлінеді.
Соңғы уақыттары дүние жүзіндегі қалаларда «фотохимиялық улы тұмандар» түзілу
процесі жиі байқалып отыр. Аталған зиянды заттардың тіршілік әлеміне өте зиянды әсері
туралы көп айтылуда. Осыған орай, шет елдерде және біздің республикамызда
атмосфераны
қорғау
мақсатында
автокөліктердің
моторларын
жетілдіру,
нейтрализаторлар орнату, газбен, электр қуатымен жүретін автокөліктер шығару және
жанар майлардың альтернативті түрлерін шығару жолдары іздестіруде.
Биосфераның гидросфера қабаты- жер шарының 3\2 бөлігін алып жатыр. Су
әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері- гидросфера қабығы планетаның
бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарады. Барлық заттар суда еріген күйінде
болып, оның үлкен және кіші айналымы арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді де,
одан әрі биосфера шегіндегі биогеохимиялық айналымға ұласады. Нәтижесінде, жер
шарындағы барлық судың 94% мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6% өзен, көлдер, жер
асты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын табиғат қоры екені
адамзаттың болашаққа деген сенімін мәңгілік етуде. Бірақ біздің планетамыздағы тұщы
судың қоры өлшеулі, барлық су ресурстарының 3% құрайды.
Соңғы жылдары дүниежүзілік мұхиттар мен барлық сулардың ластануы, оның
сапасын нашарлата түсуде. Олар- мұхиттарда соғыс корабльдерінің көбеюі, мұнайды
тасымалдау, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің
тасталуы, радиоактивті қалдықтардың лақтырылуы, т.б. зиянды заттардың қоймасына
айналуы экологиялық жағдайын тіршілік ырғағына зиянды деңгейде көтеруде. Оның
үстіне дүниежүзілік ауыз су проблемасы планета тұрғындарының Африка, Орта және
Кіші, Орталық Азия, Австралия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар
шеңберін ұлғайта түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: