Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

Парниктік эфект. 
Қазіргі кезде климаттың біртіндеп өзгеріп бара жатқаны, атап 
айтқанда өткен ғасырдың екінші жартысынан орташа жылдық температура жоғарылап 
отырғаны белгілі. Көптеген ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс атмосферада «парниктік 
газдар» деп аталатын көміртек оксиді, метан, хлоркөміртек, озрн, азот оксидттерінің көп 
жинақталуына байланысты туындап отыр. 
Парниктік газдар, олардың ішінде, әсіресе көмірқышқыл газы жердің бетінен ұзын 
толқынды жылу сәулелерінің бөлінуіне кедергі жасайды. Г:Хефлингтің пікірінше (1990) 
парниктік газдармен
 
қаныққан атмосфера парниктің жоғарғы төбесі секілді, бір жағынан, 
күн сәулелерін ішке қарай көптеп өткізссе, екінші жағынан, Жердің бетінен бөлінген 
жылудың таралуына кедергі жасайды.


15 
Отынның түрлерін көптеп жағу нәтижиесінде (жыл сайын 9млрд. аса отын 
жағылады), атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылап бара жатыр, сол 
сияқты фреондар (хладондар), метан мен азот оксидтері де көптеп бөлінуде, нәтижиесінде 
ғылымда «парниктік эфект» деп аталатын құбылыс Жер беті атмосфералық ауаның 
температурасының біртіндепжоғарылауына себеп болып отыр. БҰҰ жанындағы ғылыми 
халықаралық жұмысшы тобының мәліметтері бойынша, 2100 жылға қарай Жердің 
атмосферасының температурасы 2-4ºС қа жоғарылауы мүмкін. Климаттың бұлай 
жылынуы Бүкіл әлемдік мұхит деңгейінің көтеріліп, мұздықтардың көпшілігінің еріп, 
планетамыздыңкөптеген аймақтарында орасан зор су тасқындарына әкеп соғады. 
Қышқыл жауындар
–жауын-шашын, қар (pH‹ 5.6) антропогендік факторлардың 
әсерінен атмосфераға тасталатын шығарындылар күкірт оксиді, азот оксиді сияқты 
қосылыстармен атмосфераны ластануынан пайда болады. Бұл заттар атмосферада су 
буларымен қосылып, күкірт, азот қышқылдарын түзеді де олар жауын-шашын мен бірге 
жер бетіне түседі. Қышқыл жауындар өсімдіктерге тікелей және жанама топырақ арқылы 
енеді. Соымен қатар басқа да тірі организмдерге кері әсерін тигізеді. 
*Жер жүзінде осындай ауаны көп ластайтын өндіріс орындары толып, жатыр, 
сондай-ақ Атмосфера ауасы өнеркәсіптік, радиоактивтік, шу, жылу және атом 
электростанциялары, автокөлік шығарындыларымен ластанады. Сондықтан ауаның 
тазалығын сақтау жеке елдің ғана емес ғаламның мәселесі. Сондықтан бұл мәселені 
барлық мемлекет өзінше шешеді.
Қазақстан Республикасында 1951 жылдан бастап 446 химиялық заттар мен олардың 
33 түрі қосындыларының қалдықтарын ауаға жіберуге болатын шектеулі рұқсат етілген 
мөлшері белгіленіп, іс жүзінде қолданылып келеді. Шектеулі рұқсат етілген мөлшер 
әрдайым сақталып, бұзілмай отырса, әрине ауа таза болып, адамдарға қауіпті болмас еді. 
Мемлекеттік санитарлық-бақылау және табиғатты қорғау жөніндегі мекемелер осы 
шектеулі рұқсат етілген мөлшерін, әсіресе ауаны негізгі ластаушы болып саналатын 
өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және көлік кәсіпорындарында қатаң сақталуын 
бақылап, тиісті шаралар алып отыруға міндетті. Атмосфералық ауаның ластануымен 
күресу мәселесі күрделі, жан-жақты және үлкен материалдық шығындар мен күшті қажет 
етеді. Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың 
мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларды 3 топқа біріктіруге болады: 
- Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және 
мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріске енгізу. 
- Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш 
қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау. 
- Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру және жасыл 
өсімдіктерді көптеп отырғызу, егу. 
Литосфера (гректің «lithos» - «тас» + «sphair» - «шар») –жердің қабығы, құрамы 
силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. 
Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Топырақ – бұл тау жыныстары ыдыраған кезде пайда болған өсімдіктердің, 
жануарлардың, ұсақ ағзалардың ықпалы мен түзілетін жер қабығының беткі горизонты. 
Топырақты топырақ түзуші факторлар қарым – қатынасы нәтижесінде пайда болатын 
табиғи жеке дене деген көз-қарасты 19-ғасырдың соңғы ширегінде топырақ тану 
ғылымының негізін салушы В.В. Докучаев ұсынды. Топырақ – тірі мен өлі табиғатқа тән 
бірнеше сипаты мен қасиеті бар табиғи ерекше құрылым. Топырақ судың, ауаның және 
организмдердің литосфераның жоғарғы қабаттарына әсер етуінен пайда болады және ол 
бір- бірімен байланысты қабаттардан тұрады.
Топырақтың табиғи құнарлығы оның құрамына, қасиетіне және түзуші факторларға 
байланысты болады. Топырақ түзуші негізгі факторлар - ауа-райы, топырақ түзуші тау 
жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, белгілі бір аймақтың жер бедері мен 


16 
геологиялық жасы, сондай-ақ адамның шаруашылық әрекеті яғни топырақ түзетін 
факторлардың өзара әрекеті нәжтижиесінде қалыптасады. 
Топырақтың физикалық қасиеттері - су, ауа өткізгіштігі, су ұстағыштығы, 
топырақты түзуші қабаттың түйіршік (механикалық) құрамымен құрлымының
ерекшелігіне байланысты. Өсімдік тамыры топырақты қопсытады және түйіршік түрге 
келтіреді, топырақтан минерал элементтерді сіңіреді. Табиғи жағдайда минерал және 
органикалық заттар топыраққа шіріген тамыр, түскен жапырақтан қосылады.
Топырақ негізінен қатты, сұйық, газ, тірі бөліктерден тұрады.
1. Топырақтың қатты бөлігінің минерал құрамында калий, натрий, магний, 
алюминий аз болса да микроэлементтер. Иод, Бор, фтор т.б. болады. 
2.Сұйық бөлігінде – топырақ ертіндісі, топырақтағы өсімдікті сумен және еріген 
қоректік элементтермен қамтамасыз етеді. 
3. Газ- бөлігі не топырақ ауасы су толмаған қуыстар да болады. Құрамында N
2
O

CO
2
органикалық буланғыш қосылыстар т.б болатын топырақ ауасының мөлшері құрамы
топырақта өтетін көптеген биохимиялық, биологиялық процестерге байланысты әр түрлі 
болады. Бұл микроорганизмдер мен өсімдік тамырының жыл, тәулікте газ бөлу дәрежесіне 
байланысты өзгеріп отырады. 
4. Тірі бөлігі – топырақ микроорганизмдерінен (бактериялар, саңырау құлақтар, 
балдырлар т.б ) және омыртқасыздардың көптеген тобы- қарапайымдар, құрттар, 
моллюскілер, насекомдар және олардың личинкалары, топырақ арасында тіршілік ететін 
омыртқалылардан тұрады.
Топырақ құрамына кіретіндер: құм, саз, су, ауа, минералды тұздар, детрит 
( өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің қалдықтары, өлген ағзалық заттар), детритофагтер 
және редуценттер. Жер қабығының жоғарғы бөлігі литосфера. Жер қабығы тау 
жыныстарынан тұрады, олардың 70%-дан астамы магматикалық жыныстардан құралады. 
Ол адам үшін маңызды ресурс болып табылады: отын – энергетикалық шикізатты, кең 
және кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды, табиғи құрылыс материалдарын 
құрайтындар, яғни жер қабығының құрамына бүкіл белгілі химиялық элементтер кіреді. 
Бұл орайда басым түсетіндер: Оттегі 49,1%, кремний 26%, алюминий 7,4%, темір 4,2 %, 
кальци 3,2%, натрии 2,4 %, калий 2,4% магнии 2,4%. 
Жер қабығы мен ядросы арасында мантия орналасады. Ол 2900 шақырым тереңдікке 
дейін созылады. Мұнда оттегі, кремний, темір, магний, никел басым болады. Мантияның 
ішінде, мұхит астынан 50-200 шақырым және құрлықтан 100-125 шақырым тереңдікте 
балқыған күйге жақын зат қабаты басталады, оны астеносфера деп атайды. Мантиядан 
төмен, 2900 дан 6370 шақырымға дейінгі аралықта ядро бар. Ол темір мен никел 
элементтерінен тұрады.
Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен 
атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың 
топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы-кіші 
немесе биологиялық айналымды туғызады.
Биосфераның минералды негізі ретінде болатын литосфераның жоғарғы бөлігі 
өрістейтін а,нтропогенді әсерге көбірек ұшырайды. Бүгінде адамның литосфераға әсері 
мүмкіндік шегіне жақын қалды.
Қазақстан Республикасының жер көлемі үлкен 1953-1956 жылдары тың мен 
тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде егістік алқап 2 есе өсіп, қазір жан басына 2 
гектардан келеді. Жайылымдар мен шабындықтарды жыртып бидай өсіру әрине қой малы 
мен жылқы санын көбейтуге үлкен зиянын тигізді. Қазақстанда жер көлемі жеткілікті 
болғаны мен егін өсіруге қолайлы жер көп емес. Олардың құнарлығы да төмендеп барады. 
1990 жылғы мәліметтер бойынша 125 млрд.т. көмір, 32 млрд.т., 100 млрд.т. пайдалы 
қазбалар өндірілді. 20 млн.га аумақ батпаққа айналған және тұзданған, 100 жыл ішінде 
эрозиядан 2 млн га, 25 млн га көлемнен астам жыра алаңдары жойылған. Шаруашылық 


17 
айналымға жаңа аумақтар тартылуда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мақсатында 
және мал шаруашылығында жемшөп қорын жасауға орай құрлықтың едәуір бөлігі 
өнделуге ұшыраған. Қазіргі заманғы жағдайда Жердің үстіңгі жағының едәуір бөлігі 
жыртылған (1500 млн га-дан астам) және үй жануарлары үшін қолдан өсіретін өсімдіктері 
бар жайылымдар ұйымдастырылған. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы 
қалалар, өнеркәсіп кәсіпорындары құрылыстарын салу, пайдалы қазбаларды өндіру
коммуникациялық құрылыстар салу үшін үлкен аумақты талап етеді. Сонымен, 
құрлықтың 20%- ы адамдар арқылы өзгеріске түскен.
Литосфераның экологиялық функциясы оның биосфера қосалқы базасы болып 
табылатындығымен ерекшеленеді: бейнелеп айтқанда, бүкіл құрлықтық және бүкіл 
дерлік теңіз биотасы жер қабығына арқа сүйейді. Литосфераның беткі бөлігінде топырақ 
болады. Топырақ – бұл қабаты онша қалың емес болып түзілетін жер қабығының беткі 
горизонты. Жердің әртүрлі бөліктерінде топырақты түзу мен олардың құрамының бұл 
факторлары бірдей емес, сондай –ақ топырақтың әлемі әр алуан болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет