Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

Топырақтың типтері
 – 
бір типті биологиялық, климаттық,гидролгиялық тұрғыдағы 
жағдайларда дамитын және басқа үдерістермен үйлесу мүмкіндігі кезінде топырақ 
түзушіліктің негізгі үдерісінің анық көрінуін сипаттайтын топырақтардың тобы.
Жердің топырақ жабыны негізінен топырақтың төмендегідей типтерін құрайды: 
арктикалық, тундралық, күлгін топырақты, шымқабат, сұр-қоңыр орманды, қара 
топырақты, каштанды, сұр топырақты, қызыл топырақты және сары топырақты, сондай-ақ 
соранды, тұзды және т.б. Топырақ жабыны – биосфераның ажырамас құрамбөлігі ол 
бірқатар биосфералық функцияларды орындайды:
1) тіршілік ортасы, аккумлятор және ағзалар үшін зат пен энергияның қайнар көзі ;
2) биосфераның қорғағыш қасиеті;
3) жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз ету;
4) атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын реттеу;
5) жердің үстіңгі бетіндегі заттардың үлкен(геологиялық) және шағын 
(биогеохимиялық) айналымының болуы. 
Топырақтың құнарсыздануы
– 
оның қасиеттерінің біртіндеп нашарлауы, ол гумус 
құрамының азаюымен және құнарлылықтың төмендеуімен қатар жүреді. Осының бәрі 
адамның шаруашылық қызметті дұрыс жүргізе алмауынан орын алады. Егін алқабынан 
адам негізгі (астық, тамыржемістер, көкініс және т.б.) және қосалқы егінді (жапырақтар, 
сабандар, пәлек және т.б.) өнімдерді ала отырып, заттардың биологиялық айналымын 
ішінара немесе толықтай ажыратады, топырақтың өзін-өзі реттеу қабілетін бұзады және 
оның өнімділігін төмендетеді. Бұл үдерістер қолайсыз салдарға – дегумификацияға – 
қарашірікті жоғалтуға әкеп соғады. Қарашірікті тіпті ішінара жоғалту сондай-ақ 
құнарлылықты төмендету топыраққа өзінің экологиялық функцияларын орындауға 
мүмкіндік бермейді және ол аза бастайды, яғни өзінің қасиеттерін нашарлатады.
Осыдан соң оқушыларымен бірге топырақтың құрамы мен қасиеттерінің 
нашарлауының негізгі себептері түсіндіріледі. Сол себептердің бірі ауыспалы егісті дұрыс 
жүргізбеу болып табылады, яғни жыл сайын белгілі бір дақылдарды, айталық, картопты 
қайталап себе беру осындай салдарға әкеп соқтырады. Бұршақ тұқымдас дақылдарды 
ауыспалы егіске қосу топырақты азотпен байытады. Бедені, жоңышқаны N

симбиотикалық түйнекі бактериялармен байланыстыру арқылы себу топырақта 1 га 
аумақта 300 кг азот сақтауға мүмкіндік береді.
Топырақтың антропогендік өзгеруіне эрозия жатады (лат. Erozia – мүжу). 
Топырақтың эрозиясы деп желмен немесе тасқын сумен топырақтың жоғарғы, неғұрлым 
құнарлы қабаттарының бүлінуін айтады.
Жел эрозиясы

(топырақтардың дефляциясы). Жел эрозиясы дегеніміз ұсақ топырақ 


бөліктерін желдің ұшырып әкетуі, үрлеуі және шөгіндіге айналдыру болып табылады. Ол 
сирек өсімдік жабыны бар құрғақ күйінде жалаңаштанып қалған аудандарда пайда 


18 
болады. Далалық және шөлейт жерлерде малды шамадан тыс жаю жел эрозиясына 
ұшыратады және шөп жабынының тез бүлінуіне әсер етеді.Топырақтың 1см қалындығы 
қайта қалпына келтіру үшін 250-300 жыл керек болады. 
Күн сайынғы жел эрозиясын (жер бетіндегі) шаңды немесе қара дауыл деп бөледі. 
Шаң дауылдары шөлейт аудандарда (далада, шөлейт және жартылай шөлейт жерлерде) 
байқалады. Бұл бірнеше сағат ішінде 1 га жыртылған жерден 500 т топырақты үйіріп 
әкетуге қабілетті әрі топырақтың жоғарғы беткі құнарлы қабатын біржолата желмен бірге 
айдап әкетеді. Шаң дауылдары атмосфералық ауаны, су көздерін ластайды және адам 
денсаулығына кері әсер етеді.
Қазақстанда және әлемдегі ең бір нағыз қатерлі нәрсе су эрозиясы болып табылады. 
Су эрозиясы
деп – уақытша су тасқындарының салдарынан болатын топырақтың бүлінуін 
түсінген жөн. 
Су эрозиясы жайма, жыралану, жағалаулық, ағындық болып бөлінеді. Жел 
эрозиясының күшеюіне негізгі себеп адамның өндірістік немесе өзге қызметі болып 
табылады: өсімдіктер мен ормандарды жою, малды шамадан тыс жаю, топырақты 
аударып өндеу, топырақ өндейтін ауыр техникалардың пайда болуы және т.б. 
Су эрозиясының пайда болуының әртүрлі нысандарының арасында қоршаған ортаға 
бірінші кезекте топыраққа жыралану эрозиясы үлкен зиянын тигізеді. Ол ауыл 
шаруашылық жерлерінен айырады. Топырақ жабынын шайып кетеді. Су эрозиясының 
неғұрлым қауіпті нысандары топырақтың көшуі мен су тасқыны болып табылады. Сел 
(араб. – су тасқыны ) – бұл қатты жаңбырдан кейін тау беткейінен төмен қарай тасқындап 
ағатын жойқын лай- тасты су тасқыны.
Пестицидтер арасында неғұрлым қауіпті хлорағзалық қосылыстар делінеді, бұлар 
топырақта көп жылдар бойы сақталады және тіпті биологиялық жинақталу нәтижесінде 
олардың аз концентациясының өзі ағзалар өмірі үшін өте қауіпті саналады, өйткені, олар 
мутагенді және канцерогенді қасиеттерді иеленеді.
Олар адам ағзаларына түскенде қатерлі ауруларға ұшыратады, сондай-ақ ағзаны 
генетикалық жағынан зақымдайды, бұл болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қауіпті.
Пестицидтердің қолайсыз әсері сондай- ақ бүкіл флора мен фаунада көрніс береді. 
Пестицидтермен ластанған топырақтан тамыры арқылы өсімдікке өте отырып, олар
биомассада жиналады және қоректік тізбекті зақымдайды.
Егер минералдық тыңайтқыштарды аздап қолданбаса, онда ол топырақты ластайды. 
Әртүрлі 
тыңайтқыштармен 
бірге 
топыраққа 
көп 
мөлшерде 
нитраттар, 
сульфаттар,хлоридтер және басқа қосылыстар енеді. Бұл азоттың, фосфор мен өзге де 
элементтердің биогеохимиялық айналымын бұзуға әкеп соқтырады.Нитраттар көп болса, 
онда топырақтағы оттегінің құрамын төмендетіп жібереді, ал мұның өзі атмосфераға екі 
«парниктік» газдарды – азот пен метан шала тотығының бөлінуін арттырады Нитраттар 
адам өміріне қауіпті: концентарциясы50мг/л шамадан артып кетсе тікелей жалпы 
уландыру әсері білінеді, бұл орайда сонымен қатар метгемоглобинемия пайда болуын 
айтуға болады, интраттардың биологиялық айналуының салдары улы азот 
қосылыстардың түзілуіне әсер етеді. 
Топырақтың қарқынды ластануына өндірістің қалдықтары, лақтырындылары мен 
газ-түтін шығуы себеп болады. Топырақ адам денсаулығына барыншы қауіпті ластаушы 
заттарды, мсыалы, ауыр металдарды жинауға бейім. 1977 жылы біздің елімізде 0,4 млн га 
алқап мыспен, қорғасынмен, кадмиймен және т.б. ластанады. Әсіресе қорғасын ірі 
автожолдар бойындағы топырақта көп болады.

1. «Адам – топырақ- адам» тізбегі арқылы. Патогенді ағзалар зақымданған адам 


арқылы және топырақпен не залалданған топырақта өскен жемістер мен көкөністер 
арқылы өзгеге тарайды.


19 
2. «Жануарлар – топырақ – жануарлар» тізбегі арқылы. Жануарлардан бөлінген 
жұқпалы нәрселермен (мысалы, топалаң, тулямерия және т.б.) залалданған топырақ 
арқылы адамға жұғатын жануарладың бірқатар аурулары бар.
3. «Топырақ – адам» тізбегі, онда патогенді ағзалар адам ағзасына тікелей қатысу 
арқылы енеді (сіреспе, микоздар және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет