33
№7 Лекция- 2 сағат
Денсаулық және экология
.
Канцерегендер. Эмбриогенез. Мутагенез
Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға
толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде
қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы
бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық,
психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы —
өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған
орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты
болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы
заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4
млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға
мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен
аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың
көбеюі
сонымен
қатар
табиғи
ортаның
әр
түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын
жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа
әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-
химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық
жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние
жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен
аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен
салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының
90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі
ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-
ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу
болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-
ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-
ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен
өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан)
балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—
8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің
жиілігі 24—25 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін
және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге
болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі)
қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың
ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық
көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар,
антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны
мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-
сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
34
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда
кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.
Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады.
Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және
т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогендер (грек
тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға
әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар
(мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады.
Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын
(«сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б.
уланудан пайда болған аурулар жатады. Денсаулық үшін зиянды органикалық және
бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады.
Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын
күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді
ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром,
йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең
таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген
мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ),
полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен
(еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың
зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы
винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ-
тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана
оның улы қасиеттері анықталды.
Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлорэтан) да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939
жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15 млн.
тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған. Антарктиданың өзінен
шамамен 25 мың тонна ДДТ табылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде
жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицидті қолдануға тыйым
салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол
қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің
канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне
әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға американдықтардың
Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижеде тек вьетнамдықтар
ғана зардап шеккен жоқ шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау
қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі
бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның
өліміне әкеліп соқтырады.
Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор
альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі
туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде
болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі
35
түтіні т.б.). Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты
тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |