№5 Лекция- 2 сағат
Қоршаған ортаның ластаушы топтары. Қоршаған ортаның химиялық
ластануы. Озон қабатының жұқаруы
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа
бөлеміз:
1. Физикалық ластану- радиактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар
және тербелістер.
2. Химиялық ластану- көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар,
пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану- ауыру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар,
қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиянын келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық ластану – табиғаттың қайталанбас сұлу ланшафтарының бүлінуі,
орман-тоғайларының жойылуы.
Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
- ластаушы заттардың таралуы;
- ластағыштардың биомассаға енуі;
- ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі ластағыш заттарды қабылдаған кезде белгілі бір
деңгейге дейін ғана көтере алады. Зиянды заттар одан әрі көбейе берсе денсаулықты
бұзып, ауыруға шалдықтырады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануы
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың
негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес,
сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп,бір
трофикалық тізбектен екіншісіне өтіп, соңында адам ағзасына келіп түседі.
Бүкіл жер шарында ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады.
Табиғи ортаның ластаушы заттары әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің
табиғатына, шоғырлануына және адам ағзасына әсер ету уақытына қарай әр түрлі
жағымсыз әсер етеді. Осындай заттар қысқа мерзімде болсада адамның басын
айналдырып, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді, құсқысын келтіреді. Егер осындай улы
заттар адам ағзасына көп мөлшерде әсер етсе есінен танып, өліп кетуі мүмкін. Ондай улы
заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндер және
өндірістердің қалдықтары мысал бола алады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150 ден астамы белгілі. Бұл заттар
ауада күн сәулесінің әсерімен және ауадағы ылғалдың әсерінен реакцияға түсіп жаңа
қосындылар түзеді.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен
есірткі заттары жатады. Темекі түтінінің құрамында 4 мыңға жуық химиялық заттар
кіреді, олардың елуге жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады.
29
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы
SO тау кен өндіру, химия зауыттарының, қағаз өнеркәсібінің нәтижесінде ауаға
шығарылады. Ол ауадағы ылғалдың нәтижесінен күкірт қышқылына айналады.
Құрамында күкірт қышқылы бар тұмандар адамның тыныс алу жолы мен терісіне өте
қауіпті. Ауадағы хлорлы сутек өте улы, ол пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда
болады. Ол газбен адам тыныс алғанда тыныс жолдарын зақымдап, өкпенің ісік ауруын
туғызады.
Ағзалар осы улы заттарға төзімділігі әр адамның жеке басының гигиенасына
байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болады.
Улы заттар адам ағзасына біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы
улануға үшырайды. Оның белгілері: тез шаршағыштық, үнемі шаршап жүру, ұйқы басу
немесе ұйқы қашуы, ұмытшақтық, көңіл күйдің тез өзгеруі, зейіннің төмендеуі. Улы
химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке
жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының құрсақтағы дамуына, нәрестенің ауру болып
тууына әсер етеді.
Дәрігерлер адамдардың әртүрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік
ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін
анықтап отыр.
Озон қабатының бұзылуы.
Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек
жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі
озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км
ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін
сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз
аурулары көбейеді.
Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары.
Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы
оның 10 молекулаларын талқандайды.
Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі
болып төмендегі факторлар саналады:
ұшақтардың шығаратын газдары;
зымырандардың шығаратын газдары;
вулкан газдары;
фреонды пайдаланатын технологиялар;
атом жарылыстары.
Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп
соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі
ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен
әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар,
фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және
т.с.с.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоршаған ортаны ластаушы факторлардың топтары
2. Химиялық ластағыштарға не жатады?
3. Озон қабатының жұқару механизмі қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ұ.Б.Асқарова Экология және қоршаған ортаны қорғау. – А. 2007. – Б. 171-189.
2.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика,2002.- Б. 231-250.
3.Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.Рбк,1995. Б.216-230.
30
4.Ишмұхамедова Н.Б.Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың
әдістемесі.--.:Ғылым,2006. Б.139-148.
Достарыңызбен бөлісу: |