9
6. Шашыранды атомдар – табиғатта шашыранды түрінде кездесетін элементтер
атомдары: Mn, Co, Zn, Cu, Au, Hg т.б.
7. Шығу тегі космостық заттар- жер бетіне космостан келіп түсетін заттар
(метеориттер, космостық шаң).
Тірі ағзалардың құрылымына кіретін химиялық элементтерді үш топқа бөлу
қалыптасқан:
- Макроэлементтер – H,O,C,N (бұларды негізгі деп те атайды, жалпы үлесі
– 98-99%),Са,Cl ,K, S, P ,Mg ,Na,Fe , Si ( жалпы үлесі -1-2 %). Макроэлементтер тірі
ағзалардың пайыз жағынан негізгі массасын құрайды.
- Микроэлементтер – Mn, Co, Zn, Cu, B, J және т.б. Тірі ағзаларда 0,1% шамада
болады.
- Ультрамикроэлементтер – Au, Hg, Se т.б. тірі ағзаларда өте аз мөлшерде кездеседі,
физиологиялық ролі толық зерттелмеген.
Клеткадағы анорганикалық заттарға – су және тұздар , ал органикалық заттарға –
көмірсулар, липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдары жатады.
В.И.Вернадский 1928-1930 жылдары биосферадағы процестерді салыстырмалы
түрде қорытындылай келе,тірі заттың бес негізгі биогеохимиялық қызметі болатыны
туралы түсінік берген:газдық, концентрациялық, тотығу-тотықсыздану, биохимиялық
(энергетикалық) және адамның биогеохимиялық әрекеті.
Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып,биосферада
деструктивтік, тасымалдаушы,шашырандылық, ақпараттық және орта түзуші қызметтер
де атқарады.
Биосфераны құрайтын литосфераның жоғары қабаты гидросфера, оның жоғары
қабаты атмосфераны түгелдей алып жатқан тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы
орталар. Олардың көлемі кішігірім ін, құс ұясы, құмырсқа илеуінен бастап ірі тау, дала,
биоценоздар мен экожүйелерді алып жатыр. Биосфера- өзін құрайтын үш құрамдас
бөлігімен сипатталады. Олар атмосфера, гидросфера, литосфера.
Атмосфера- біздің планетамыздың ғарыш кеңістігімен шектесіп жатқан аралығы.
Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады. Жерге атмосфера арқылы ғарыштан
космостық шаң-тозаң, метеорит материалдары түсіп жатса, өзі сутегі, гелий сияқты жеңіл
газдарды жоғалтып отырады. Атмосфера арқылы сол сияқты жерге күн сәулесі еркін өтіп
жер бетіндегі жылу режимін реттейді. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай тропосфера
Достарыңызбен бөлісу: