НӘРУЫЗДАР АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛЫСТАРЫ Нәруыздар алмасуының бҧзылыстары тамақпен тҥсетін
нәруыздардың жеткіліксіздігінен
біріншілік (экзогендік) және
организмнің
ӛзіндегі
ӛтетін
ҥрдістердің
бҧзылыстарынан
екіншілік (эндогендік) болады.
Нәруыздардың біріншілік жеткіліксіздігі:
● толық ашығу немесе тамаққа жарымаудан;
● тамақтағы нәруыздардың қҧрамында алмастырылмайтын
аминқышқылдары
(валин,
изолейцин,
лейцин,
лизин,
метионин, треонин, триптофан, фенилаланин, гистидин,
аргинин) тапшылығынан олардың сапасы тӛмен болудан –
дамиды.
Нәруыздардың екіншілік (эндогендік) жеткіліксіздігі:
● ішек-қарын жолдарында нәруыздардың ыдыратылуы мен
сіңірілуі бҧзылудан. Ішек-қарын сӛлдерінің протеолиздік
ферменттерінің
әсерлерінен
тамақтың
нәруыздары
аминқышқылдарына
дейін,
нуклеотидтері
нуклеин
қышқылдарына дейін ыдыратылып, ішектердің қабырғалары
арқылы қанға сіңіріледі. Олардың ішек-қарын жолдарында
ыдыратылуы мен сіңірілуінің бҧзылыстары:
♣ асқазан сӛлінде тҧз қышқылы мен протеолиздік
ферменттер (пепсин, трипсин, химотрипсин) азаюынан,
немесе бҧл ферменттердің белсенділігі тӛмендеуінен;
♣ ҧйқы безінің аурулары (панкреатит, ҧйқыбездің
некрозы, оның ӛзегі бітеліп қалғанда т.с.с.) кездерінде
оның сӛлі аз ӛндірілуінен немесе ҧлтабарға аз тҥсуінен;
♣ ашішектердің қабыну кездерінде қимылдық әрекеттері
кҥшейіп кетуден немесе олардың біршама бӛліктері оталып
тасталғанда т.с.с. жағдайларда байқалады. Ас қорыту
жолдарының жоғарғы жақтарында нәруыздардың ыдыратылуы
болмауынан толық ыдыратылмаған ӛнімдер тоғышекке ауысады.
Онда аминқышқылдары бактериялардың қатысуымен іріп-шіруге
ҧшырап, организмге уытты әсер ететін индол, скатол,
фенол, крезол сияқты заттарға айналады.
● нәруыздардың организмде тҥзілуі бҧзылғанда;
● тіндерде нәруыздар артық ыдыратылғанда;
● нәруыздар кӛптеп организмнен сыртқа шығарылып
кеткенде – дамиды. Бҧл кезде теріс азоттық тепе-теңдік
байқалады.
.