Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


салдарлық толып кетуі байқалады.  Біріншілік семірудің негізінде липостаздық жҥйенің



Pdf көрінісі
бет146/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

168
салдарлық толып кетуі байқалады. 
Біріншілік семірудің негізінде липостаздық жҥйенің 
шеткері май тіні мен гипоталамустың арасындағы ӛзара 
қатынастардың бҧзылуы маңызды орын алады. 
1994-жылы Дж. 
Скотт «тоқтық» жағдайда адипоциттер пептидтік гормон – 
лептин
ӛндіретінін ашты. Оның жалпы мӛлшері организмдегі 
май тінінің мӛлшеріне тікелей байланысты және әйелдерде, 
еркектерге қарағанда, кӛбірек болады. Май жасушаларымен 
лептин 
ӛндірілуін 
инсулин, 
және 
аз 
мӛлшерде 
глюкокортикоидтар, 
сергітеді. 
Лептин 
гипоталамустың 
вентромедиалдық ядроларына әсер етеді де тойыну сезімін 
туындатады. Сонымен бірге ол жылу ӛндіру орталығын 
сергітіп, симпато-адренергиялық жҥйенің белсенділігін 
кӛтереді. 
Осыдан 
термогенез 
артып, 
норадреналиннің 
әсерінен май тіндерінің ыдырауы кҥшейеді. Оның әсерінен 
негізгі алмасу кӛтеріліп, оттегіні пайдалану жоғарлайды 
және липолиздің басқа жолдары да артуы ықтимал. Лептиннің 
әсерінен аштық сезімінің орталығында (вентролатералдық 
ядроларда) 
нейропептид 
Y
ӛндірілуі 
азаяды. 
Бҧл 
нейропептид: 
● аштық сезімін туындатып, тәбеттің ашылуына әкеледі; 
● кейбір эндокриндік бездердің гипофиз арқылы және 
гипофизден тыс реттелулеріне қатысады; 
● инсулин ӛндірілуін арттырады; 
● тамақ қабылдауға тҥрткі болады; 
● адипоциттерде май жиналуына әкеледі. 
Осылай май жасушалары мен гипоталамустың ӛзара 
байланыстарымен денедегі май тінінің тҧрақтылығы қалыпты 
мӛлшерде ҧсталынып тҧрады. 
Осы жағдайларға байланысты 
біріншілік семірудің даму 
патогенезінде май жасушаларында лептиннің жеткіліксіздігі 
маңызды 
орын 
алады

Оның 
жеткіліксіздігі 
гендік 
ақаулардың нәтижесінде: 
● май жасушаларында лептиннің аз тҥзілуінен; 
● 
гипоталамустың 
вентромедиалдық 
ядроларының 
нейрондарында лептиннің әсерін қабылдайтын рецепторлар 
болмауынан немесе аз болуынан - байқалады. Соңғысында май 
тіндері лептинді жеткілікті ӛндіруіне қарамай оның 
гипоталамусқа әсері болмайды. Содан гипоталамустың аштық 
сезімінің орталығы ҧдайы нейропептид Y-ді артық ӛндіреді.
Осыдан адамдардағы біріншілік семіру дамуында тҧқым 
қуалаушылықтың маңызды екенін байқауға болады. Біріншілік 
семіруді, 
тамақтанудың 
бҧзылыстарымен 
қабаттасатын, 
полигендік дерттік жағдайға жатқызады. Ата-анасының 
біреуінде семіздік болса, онда олардан туған балалардың 


169
56%-ында семіруге бейімдік байқалады. Ал, екі бірдей 
толық адамдардан туған балалардың 78%-ында артынан семіру 
пайда болады.
Біріншілік семірудің даму негізінде, тҧқым қуалауға 
бейімділіктің нәтижесінде май жасушаларында лептиннің аз 
тҥзілуінің маңызы зор дегенмен де, организмге тҥсетін 
энергия мен оның шығындалуының арасындағы тепе-теңдіктің 
бҧзылуына мән бермеуге болмайды. Бҧл кезде адипоциттер 
мен 
гипоталамустың 
арасындағы 
байланыстардың 
ӛзгерістерінен, денедегі май тінін жеткіліксіз деп 
қабылдайтын, дене салмағын орнықтыратын нҥкте жоғарылап 
ығысып кетуі болады. Содан оны нейропептидтік реттеудің 
жаңа сапалы деңгейіне сәйкес организмге тҥсетін энергия 
оның 
шығындалуынан 
басым 
болып 
кетеді. 
Энергия 
шығындалуының азаюы адамның гиподинамиясынан байланысты. 
Сол себепті адам ішетін тамақты азайтып, қимыл-қозғалысты 
кӛбейту арқылы дене салмағын қалыпты мӛлшерде ҧстап тҧра 
алады. Семіру ішкен тамақтың мӛлшерінен ғана емес, оның 
сапалық 
қҧрамынан, 
қоректену 
тәртібінен 
де 
кӛп 
байланысты. 
Тамақтың 
қҧрамында 
нәруыздардың 
аздығы 
семіріп кетуге ықпал етеді. Тамақ ішу сирек және бір 
ішкенде мол болса, олда семіруге әкеледі. Бҧл кезде 
организмдегі инсулиннің деңгейі жоғары деңгейде ҧзақ 
ҧсталып тҧрады. Тамақты тым кеш, жатар алдында ішуде 
дененің толуына қауіп тӛндіреді. 
Біріншілік семіру кезінде артық салмақтан арылу әлі 
адамның толық сауығуы емес. Бҧл кезде кӛптеген дерттік 
ӛзгерістер сақталып қалады және олар әртҥрлі бҧзылыстарға 
әкелуі ықтимал. Артық салмақтан арықтаған адамдарда: 
● 
зат 
алмасуларының 
бҧзылыстары, 
соның 
ішінде 
лептиннің жеткіліксіздігі, содан нейропептид Y ҧдайы 
артық тҥзілуі сақталып қалады; 
● адипоциттер бҧрынғыша май қышқылдары мен глицеринге 
ӛте ҥйір болады және оларда липолизден босаған май 
қышқылдарын қайта әтірлеу жоғары деңгейде болады; 
● 
май 
тінінде 
липопротеидлипаза 
ферментінің 
белсенділігі кӛтеріңкі болады; 
● тойыну сезімі орталығының серотонинге сезімталдығы 
тӛмен болады; 
● адипоциттердің β-адреномиметиктерге сезімталдығы аз 
болады; 
● гипоталамустың инсулинге сезімталдығы тӛмендеген; 
● гиперплазиялық және аралас семірулер кездерінде май 
жасушаларының саны кӛбейген.
Осыдан артық салмақтан арылған адамдардың біршама 


170
қызметтік кӛрсеткіштері нашарлайды. 
♣ гипоталамус қалыпты дене салмағын азсынып, 
арықтауға қарсы жауап қайтарады; 
♣ гипофизде тиреотропин ӛндірілуі азаюдан гипотиреоз 
дамиды. Содан бҧндай адамдардың суыққа тӛзімділігі 
тӛмендейді; 
♣ негізгі алмасу тӛмендейді; 
♣ әсіресе әйелдердің жыныстық қабілеті азаяды, 
етеккір келу оралымының бҧзылыстары байқалады. Ӛйткені 
адипоциттерде эстрогендер тҥзілуі азайған; 
♣ арықтау ҥшін еркінен тыс қоректену адамның жан-
дҥниелік кҥйзелістеріне әкеледі; 
♣ 
кейбір 
адамдарда 
лейкопения, 
брадикардия, 
гипотензия дамиды;
♣ қатты арықтаудың нәтижесінде иммунитет әлсіреуі 
мҥмкін. 
Осы келтірілгендерге байланысты семірудің бҧл тҥрін 
емдеу қоректенуді азайту мен емдік гимнастикаларға ғана 
бағытталып қоймауы керек. Негізгі патогенездік емшаралар 
организмде лептиннің деңгейін кӛтеруге бағытталғаны жӛн.
Сонымен 
липостаздық 
жҥйеде 
гипоталамус, 
ішек 
гормондары, бҥйрек ҥсті бездері, ҧйқыбездің β-жасушалары 
және май тіні аралық қатынастарының маңызы ӛте зор. 
Олардың ӛзара әсерлері дене салмағының тҧрақтылығын және 
организмнің метаболизмдік мҧқтаждығына сәйкес қоректену 
тәртібін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет