185
(гипотониялық) және гиперосмостық (гипертониялық) болып
бӛлінеді.
Осмостық белсенді заттардың мӛлшерін судың кӛлеміне
шағып есептеу қажет. Ӛйткені дене қызымы ӛзгеруіне қарай
судың мӛлшері де ӛзгеріп тҥрады және қан плазмасының 94%-
на жуығы ғана судан тҧрады.
Сол себептен осмостық
белсенді заттардың мӛлшерін
осмолялдық
деп белгілеп, 1 кг
судағы миллиосмоль ӛлшемімен (мОсм/кг Н
2
О) ӛлшейді.
Қалыпты жағдайда тіндер мен қанның осмолялдығы 280 - 290
мОсм/кг суға тең болады. Қан плазмасының осмолялдығында
Nа
+
ең маңызды орын алады және ол осмостық әсерлі зат деп
аталады. Сонымен бірге оның осмолялдығына глюкоза мен
мочевинаның
азоты
да
қатысады.
Осыған
қарай
қан
плазмасының осмолялдығы (Росм) мына ӛрнек бойынша
анықталады: Р
ОСМ
= 2 х [Nа
+
] плазмада + [глюкоза мг%] : 18
+ қандағы зәрнәсілдің (мочевинаның) азоты : 2,88.
Мәселен: Nа
+
— 135 м М/л,
глюкоза — 120 мг%,
қан зәрнәсілінің азоты — 14 мг% (5 м М/л) : 18+14 :
2,88 = 281,5мосм/л.
Гипогидратация немесе сусыздану.
Организмнің
сусыздануын,
оның
дәрежелерін
және
салдарларын ең алғаш ХҤ11-ғ. екінші жартысында Ӛтебойдақ
Тілеуқабылҧлы зерттеп анықтаған. Ол кісінің қолжазбасында
хижраның 1060 ж. Есіл ӛзені
тартылып, қҧдықтағы сулар
жоғалып
кеткені туралы баяндалады. Сонда адамдар мен
жануарлар қатты шӛлге ҧшырағаны жазылады. Осыдан қанның
қоюланатыны
туралы
дерек
келтіреді.
Организмнің
сусыздануын бҧл бабамыз: «дегду, кеберсу, қҧрғап кету»
деп ҥш дәрежеге ажыратыпты. «қҧрғап кету» бҥгінгі тілмен
айтқанда эксикозға дӛлме дәл келеді.
Организмнің сусыздануы:
● организмге су жеткіліксіз тҥсуінен (сусыз
жерде
адасып кеткенде, әртҥрлі апаттардың нәтижесінде адам
сыртқа шыға алмай қалғанда, ӛңеш тарылуынан жҧту
бҧзылғанда,
ауыр сырқаттарда, шала туған балаларда,
кейбір ми ауруларында т. б.) адам су іше алмауынан;
● судың организмнен тым артық шығарылуынан (іш ӛту,
қҧсу, қан кету, полиурия, гипервентиляция,
қатты терлеу,
гиперсаливация, кҥйіктік ауру т. б. кездерінде тері
жаралары арқылы т. с. с.);
● бҧлардың біріккен әсерлерінен - байқалады.
Сусыздану организмге біршама теріс әсер етеді. Оның
нәтижесінде қан қоюланады, айналымдағы қанның кӛлемі
азаяды, артериялық және веналық қан қысымдары тӛмендейді,
186
қан ағуының жылдамдығы баяулайды.
Осылардың
нәтижесінде
кӛптеген
ішкі
ағзаларда
микроциркуляция бҧзылады, гипоксия дамиды,
тырыспа-
селкілдек ҧстамалары, елестеу, кома т. т. пайда болады.
Олардың даму жолдарының негізінде миға:
♣ қоректік заттардың (глюкозаның) аз жеткізілуі;
♣ оттегінің жеткіліксіз тҥсуі;
♣ жҥйке жҥйесінде ферментгік ҥрдістердің бҧзылуы -
жатады.
Жоғарғы
жҥйке
әрекеттері
бҧзылыстарының
дамуы
гипоксияның әсерінен және сусыздану кезінде ҥлкен қан
айланым шеңберінде артериялық қан қысымы тӛмендеуіне
байланысты
организмнің
сҧйықтарында
осмостық
тепе-
теңдіктің
бҧзылуынан,
метаболизмдік
ацидоз
және
гиперазотемия дамуының маңызы зор болады.
Бҥйректе қан айналым нашарлауына байланысты, оның
несеп
шығару
қызметі
бҧзылады.
Осыдан
организмде
гиперазотемия
мен
уремия
дамуы
мҥмкін.
Бҧл
да
метаболизмдік ацидоз дамуына ҥлкен ҥлес қосады.
Ас
қорыту
жолдарында
сусызданудың
нәтижесінде
ферменттік ҥрдістер бҧзылады, ішек-қарынның қимылдық
әрекеттері тежеледі. Осыдан іш кебуі, астың дҧрыс
сіңірілмеуі байқалады.
Балаларда сусыздану ересек адамдарға қарағанда біршама
ауыр ӛтеді. Ӛйткені оларда ересек адамдарға қарағанда:
● жасуша сыртындағы сҥйықтың мӛлшері кӛбірек болады.
Сусыздану кезінде
ең алдымен жасуша сыртындағы, содан
кейін оның ішіндегі су мен электролиттер шығарыла
бастайды;
● бҥйректің бастапқы несептен суды қанға кері сіңіруі
қабілеті жетілмеген болады;
● тыныс алу жиі болуынан су деммен кӛптеп шығарылады;
● су мен электролиттер алмасуының нейро-гуморалдық
реттелу жолдары жетілмеген. Осылардың нәтижесінде 2 жасқа
дейінгі
балаларда
уытты
диспепсиялардан,
гипервентиляциядан
т.
б.
жағдайлардан
дененің
сусыздануынан баланың шетінеуіне
дейін әкелетін қауіпті
асқынулар дамуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: