Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гиперосмостық гипогидратация



Pdf көрінісі
бет161/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Гиперосмостық гипогидратация 
судың электролиттерден 
басымырақ шығарылуы. Бҧндай жағдай 
терең 
тыныстың 


188
жиілеуінен, сілекейдің кӛп шығарылуынан және қантсыз 
диабет т. б. кездерінде полиуриядан дамуы мҥмкін. Бҧл 
кезде жасуша сыртындағы сҧйықтың кӛлемі азаяды, оның 
осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның 
сыртына ауысады. Жасушаның сусыздануы қатты шӛлдеу 
сезімін шақырады, тіндік нәруыздардың ыдырауын кҥшейтеді, 
дене қызуын кӛтереді, кейде сана—сезімінің болмауына, 
кома дамуына әкеледі.
Дененің қҧрғап кетуін болдырмау ҥшін гипогидратация 
кездерінде организмге сҥйық енгізу қажет. Ол ҥшін 
организмге қанша су жетіспейтінін немесе судың тапшылық 
мӛлшерін анықтау керек. 
Судың тапшылығы (СТ)
мына ӛрнек 
бойынша анықталады: 
СТ = 0,6 х дене массасы (кг) х (1 - 140 : натрийдің 
қан плазмасындағы деңгейі); 
Мәселен: дене массасы 80 кг болса, қан плазмасында 
натрий 158мМ/л болса, СТ = 0,6x80 х (1 -140:158) = 48 x 
0,114 = 5,47 л. Сонда судын тапшылығы 5,47 л. 
ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ.
Организмнің сулануы: судың сырттан кӛп тҥсуінен, суды 
сыртқа шығаратын бҥйректің қызметі бҥлінуден немесе осы 
екеуінің біріккен әсерлерінен дамуы ықтимал. 
Гипергидратация изосмостық (изотониялық), гипосмостық 
(гипотониялық), 
гиперосмостык 
(гипертониялық) 
болып 
ажыратылады. 
Изосмостық 
гипергидратация 
сырттан 
изотониялық 
сҥйықтарды емдік мақсатта тым артық енгізгеннен кейін 
қысқа мерзімде байқалуы мҥмкін. Бҧндай жағдай жиі 
ісінулер кездерінде байқалады (тӛменде келтірілді). 
Гипосмостық гипергидратация 
(сумен улану) организмге 
бірнеше қайталап кӛп су енгізуден дамиды. Сау жануарларға 
бір рет кӛп су енгізу елеулі ӛзгерістерге әкелмейді. 
Бірақ, су алмасуының реттелуі бҧзылыстарында аз мӛлшерде 
енгізілген судың ӛзі гипергидратация дамуына әкелуі 
мҥмкін. Бҧндай жағдай клиникада рефлекстік анурия және 
бҥйрек 
қызметінің 
жеткіліксіздіктері 
кездерінде 
байқалады. 
Организмде су кӛп жиналуынан қан сҥйылып кетеді. 
Қанның жалпы кӛлемі ҧлғаюымен қатар, онда нәруыздың
электролиттердің, гемоглобиннің деңгейлері салыстырмалы 
тҥрде азаяды. Эритроциттердің ішіне кӛп су тҥсуінен олар 
еріп кетеді. Гемоглобиннің деңгейі қан сары суында 
кӛбейеді, ол несеппен шыға-рыла бастайды, гемоглобинурия 
дамиды. Гемоглобин бҥйрек ӛзекшелерінде тҧнбаға ауысып, 
цилиндрлер қҧрылуына әкеліп, оларды бітеп қалады. Осыдан 
несеп шығарылуы тӛмендейді. 


189
Ми жасушалары ісініп кетуінен, бас сҥйек ішінде қысым 
кӛтеріледі. Содан қатты бас ауыруы, жҥрек айну, қҧсу, 
тырыспа-селкілдек ҧстамалары, кома дамып, организмнің 
ӛліміне әкелетін қҧбылыстар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет