187
кӛптеген маңызды қасиеттерімен бірге, суды байланыстырып,
организмде ҧстап тҧратын қасиеті бар. Бҧл жагынан әсіресе
натрий, калий, хлор т. б. иондарының маңызы ӛте ҥлкен.
Сондықтан организмнен бҧл тҧздардың артық шығарылуы оның
сусыздануына
әкеледі.
Бҧл
кезде
организмде
электролиттердің мӛлшері
қалпына келмей, қанша су іше
бергеніне қарамай организмнің сусыздануы тоқтамайды.
Сусыздану негізінен жасуша сыртындағы сҧйықтың есебінен
болады. Жасуша сыртындағы электролиттердің
артық шығып
кетуінен онда осмостық қысым азаяды. Жасуша ішінде
электролиттер біршама сақталуына байланысты онда осмостық
қысым жасуша аралық сҧйықтан басым болады. Осыдан жасуша
сыртындағы су оның ішіне енеді, жасушаның ісінуі дамиды.
Жасуша сыртындағы сҥйық
азаюына
байланысты қанның
қоюлануы
т.с.с.
жоғарыда
кӛрсетілген
қанайналымның
бҧзылыстары байқалады.
Электролиттердің организмнен артық шығарылуы ішек-
қарын жолдарымен, бҥйрек және тері арқылы болуы мҥмкін.
Ішек-қарын жолдарымен қайта-қайта қҧсу немесе іш ӛту
(гастроэнтриттер, жҥкті әйелдердің уыттанулары т. б.)
кездерінде ересек адам тәулігіне
организмдегі натрийдің
жалпы кӛлемінен 15%, хлордың 28%, судың 22%-на дейін
шығарады. Бҧл кездерде организмнің қышқылдық-сілтілік
ҥйлесімдігі
бҧзылады.
Асқазанның
сӛлі
сыртқа
кӛп
шығарылудан кӛптеп хлор мен сутегі иондары жоғалады да,
организмде газдық емес алкалоз дамиды. Ал, ҧйқы безі мен
ішектердің сӛлдерімен кӛп натрий иондары шығарылады.
Осыдан келіп газдық емес ацидоз дамиды.
Электролиттер кейбір нефриттердің тҥрлерінде, Аддисон
ауруы т. б. кездерінде бҥйрек арқылы кӛптеп
шығарылуы
мҥмкін. Бҧл кездерде бҥйрек ӛзекшелерінің денеде бар
әлдостеронға сезімталдығы тӛмендейді немесе әлдостеронның
тым аз ӛндірілуі ықтимал.
Сонымен бірге электролиттер қатты терлегенде тері
арқылы
шығарылады.
Терлеу
сыртқы
ортаның
ыстық
температурасынан және ауыр қол жҧмысын атқарудан болады.
Осыған байланысты термен тәулігіне 800 мл-ден 10 л-ге
дейін сҧйық шығарылады. Онымен бірге 420 ммоль/л-ден
астам натрий, 150 ммоль/л-ден астам хлор шығарылады.
Сондықтан қатты терлеуден
организмнің ауыр және тез
сусыздануы байқалады. Бҧл кезде тҧз қоспай таза сусын
ішсе жасуша сыртындағы сҧйықтың осмостық қысымы одан
сайын тӛмендеп, судың жасуша ішіне кіріп кетуі кӛбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: