Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет16/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ 
Этиология (гректің аitia - себеп, lоgоs - ілім деген 
сӛздерінен тҧрады)— аурудың пайда болуындағы себептік 
байланыстарды 
зерттейтін 
ілім

Қысқа 
мағынасында 
этиология деп ауру туындатқан себепкер ықпалды тҥсінеді. 
Ауру кӛптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды. 
Бҧл ықпалдар бір-бірімен және адам тәнімен ӛзара 
әсерлерде, арақатынастарда болады. Ҧдайы ӛзгеріп тҧратын 
қоршаған 
ортаның 
және 
ҧдайы 
дамып 
тҧратын 
адам 
организмінің жағдайларында әсер ететін ықпалдар бірін-
бірі кҥшейтіп немесе әлсіретіп тҧрулары ықтимал. Мәселен, 
іш сҥзегі, тырысқақ, оба, сатқақ (дизентерия) т. б. 
аурулардың індеттері тек жазғы ыстық айларда, ал тҧмау, 
бӛртпе сҥзек т.с.с. аурулардың індеттері тек жылдың 
салқын айларында кездеседі. Кейбір індеттердің тарауы кҥн 
жҥйесінің оралымдары мен кҥннің белсенділігіне байланысты 
екендігі белгілі. 
Ауру туындауында кӛптеген ықпалдардың болуына қарамай, 
оларды себепкер ықпал және ауру туындауына қолайлы
жағдайлар – деп ажырату ӛте маңызды. 
Себепкер ықпал

деп 
ауру дамуына міндетті болатын және сол ауруға ғана тән 
арнайы әйгіленімдерді айқындайтын ықпалды айтады.
Мәселен, туберкулез тек Кох таяқшаларының әсерлерінен 
дамиды және сол туберкулезге ғана тән (ағзаның созылмалы 


28
қабынуы, дене қызымының шамалы кӛтерілуі, организмнің 
уыттануы т.с.с.) әйгіленімдермен кӛрінеді. Суық тигенде 
баспа, бҥйрек қабынуы, ӛкпе қабынуы, буындардың қабынуы
ҥсік, дененің мҧздауы (гипотермия) т.б. біршама дерттер 
дамуы мҥмкін. Бірақ солардың ішінде ҥсік пен дене 
мҧздауына ғана суық температура себепкер ықпал болады. 
Ал, басқа аурулар кездерінде суық тию организмнің 
тӛзімділігін тӛмендететін қолайлы жағдай болады. Бҧл 
аурулардың себепкер ықпалы болып негізінен стрептококктық 
немесе пневмококктық жҧқпалар есептеледі. Ӛйткені суық 
температура ҥсік пен дене мҧздауының ғана арнайы 
әйгіленімдерін (жергілікті тін ҥсігін немесе дене 
қызымының тӛмендеуін) айқындайды, басқаларының арнайы 
кӛріністері стрептококктармен немесе пневмококктармен 
айқындалады. Пневмококктардың әсерінен тек ӛкпе қабынуы 
(пневмония), стрептококктардың әсерінен баспа, бҥйрек 
қабынуы, буындардың қабынуы т.б. дамиды. 
Мына жағдайларда: 
● әсер ететін ықпал ауру дамуының алдында болғанда; 
● әсер еткен ықпалдың қарқыны мен дерттің ауырлығы 
арасында пара-парлық байланыс болғанда; 
● әсер еткен ықпалды организмнен аластағанда дерттің 
ӛту қарқыны әлсіреп, организмнің сауығуы болғанда; 
● 
әсер 
еткен 
ықпалдың 
кӛмегімен 
тәжірибелік 
жануарларда аурудың ҥлгісін алуға болғанда - ауру дамуына 
себепкер ықпал деуге болады. 
Барлық ауру туындататын себепкер ықпалдар сырттан әсер 
ететін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет