Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет223/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Жағымсыз жақтары: 
● ағза мен тіндерге қан құйылу 
мүмкіншілігі; 
● ӛспе дамуына қолайлылық; 
● метастаз тарау мүмкіншілігі; 
● улы ӛнімдердің денеге тарап 
кету мүмкіншілігі. 
Артериалық гиперемия 
Жағымды жақтары: 
● оттегі мен қоректік 
заттардың тіндерге 
тасымалдануы жақсаруы; 
● тотығу-тотықсыздану 
үрдістерінің артуы; 
● энергия түзілуінің 
кӛтерілуі; 
● ағза қызметінің кӛтерілуі. 
 


257
кинин жҥйесі т. б.) жатады. Бҧл ӛнімдер тіндердің (қабыну, 
кҥйік, ҥсік, жарақат, иондагыш сәулелер, ультракҥлгін 
сәулелер, гипоксия, аллергия кездеріндегі) бҥліністерінде 
ӛндіріледі. Олар қан тамырларының қабырғаларындағы тегіс 
салала еттерді босаңсытып, майда артериялардың кеңуіне 
әкеледі. Сондықтан бҧндай жолмен дамыған артериялық қан 
кернеуін 
миогендік гиперемия 
дейді

Артериялық 
гиперемия 
кезінде 
жергілікті 
микроциркуляцияның ӛзгерістері болады. Бҧл ӛзгерістерге: 
● майда артериялар мен артериолалар кеңуі; 
● 
қызмет 
атқаратын 
қылтамырлар 
мен 
майда 
кӛктамырлардың саны кӛбеюі; 
● оларда қан қысымы кӛтерілуі; 
● майда тамырларда қан ағу жылдамдығы ҧлғаюы - жатады. 
Қызмет атқаратын қылтамырлар кӛбейгенінен олардың 
қабырғалары арқылы тіндерге оттегінің, қоректік заттардың 
тасымалдануы, тіндерден зат алмасудың қалдық ӛнімдерінің 
шығарылуы жақсарады. Осыдан тіндерде заттардың алмасуы
ҧлғаяды, энергия тҥзілуі артып, ағзалардың қызметтері 
кӛтеріледі. Қылтамырларда қан қысымы кӛтерілуі сҧйықтың 
тамыр сыртына сҥзілуін кӛбейтеді. Бірақ ол ісінуге 
әкелмейді. Ӛйткені бҧл кезде лимфаның ағуы жақсарады да, 
қылтамырлардан шыққан сҧйық, тінаралық кеңістіктерге 
жиналып қалмай, лимфамен жалпы қанайналымға тҥседі. 
Артериялық гиперемияның осы жағымды жақтары клиникалық 
медицинада 
кеңінен 
пайдаланылады. 
Ол 
ҥшін 
әртҥрлі 
қыздырғыштар (парафин, озокерит, қыша қағаз) және ысқымақ 
(массаж) 
қолданылады. 
Сонымен 
бірге 
артериялық 
гиперемияның жағымсыз жақтары да бар. Мәселен, қабырғалары 
ӛзгерген 
артериялар 
(артериосклероз 
кезінде) 
артық 
керілуінен оның жыртылып кетуі, содан миға немесе басқа 
ағзага қан қҧйылуы мҥмкін. Сондықтан гипертониялық ауруы 
бар адамдарға ыстық былау қабылдауға болмайды. Ағзаларда 
ӛспе ӛсуі байқалғанда артериялық гиперемия оның ӛсуін 
кҥшейтіп, 
метастазалардың 
қанмен 
таралуын 
ҧлғайтуы 
ықтимал. Осы себептен организмде ӛспесі немесе ӛспе алды 
жағдайлары бар адамдарда жылумен емдеу шараларын қолдануға 
болмайды (8-сызбанҧсқа). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет