258
● ж
ҥректің
сорғыштық қабілеті әлсіреп, жҥрек қызметі
жеткіліксіздігі дамуы.
Сонымен
бірге,
кейбір
адамдардың
кӛктамырларында
қақпақшалардың әлсіздігіне тҧқым қуалайтын бейімділік
болады. Сондықтан ҧзақ тҥрегеп тҧрып жҧмыс
істейтін
мамандардың
(стоматологтардың,
акушер-гинекологтардың,
шаштараздардың т. б.) аяқтарында веналық гиперемия
(кӛктамырлардың керіліп (варикоздық) кеңеюі) дамиды.
Веналық гиперемияның сыртқы кӛріністеріне:
● ағзалар мен тіндердің кӛлемі ҧлғаюы;
● кӛгілдір тҥс қабылдауы (цианоз);
● жергілікті температурасының тӛмендеуі;
● ісіну дамуы - жатады.
Бҧл кезде ағзалар мен тіндерде микроциркуляцияның
ӛзгерістеріне:
● кӛктамырлардың кеңеюі;
● қанға толған қылтамырлардың кӛбеюі;
● қанның майда веналар мен қылтамырларда жиналуы;
● майда тамырларда қан ағу жылдамдығының баяулауы;
● тамыр ішінде қан қысымы кӛтерілуі;
● тамыр сыртына сҧйық сҥзілуі артуы;
● лимфа ағып кетуі баяулауы – жатады. (17-кесте).
Сондықтан веналық гиперемия
кезінде ағзалар мен
тіндердің
қанмен,
оттегімен,
қоректік
заттармен
қамтамасыз
етілуі
бҧзылады,
тіндерден
зат
алмасу
ӛнімдерінің
сыртқа
шығарылуы
азаяды.
Осыдан
ағза
жасушаларының қоректенуі бҧзылып, ағзаның гипоксиясы,
атрофиясы дамиды және оның атқаратын қызметі тӛмендейді.
Қылтамырлардың ішінде қан қысымы кӛтерілуден және
тамыр қабырғаларының ӛткізгіштігі жоғарылаудан сҧйықтың
тамыр сыртына шығуы (транссудация) ҧлғаяды, тіндердің
ісінуі пайда болады. Ісінулік сҧйық
айналасындағы тін
жасушаларын, ҧсақ қан және лимфалық тамырларды қысып,
микроциркуляцияның бҧзылыстарын одан сайын ҧлғайтады.
Осыдан ағзада дәнекер тіндердің ӛсіп-ӛнуі болып, ол
беріштенеді. Мәселен, жҥрек жет-кіліксіздігінен бауырдың
салдарлық циррозы дамиды. Сонымен,
ағза мен тіндердің
кӛлемінің ҧлғаюы кӛктамырларда қанның артық жиналуынан
және ісінуден пайда болады.
Веналық
гиперемия
кезінде
қылтамырлар
мен
кӛктамырларда қан ағу баяулағандықтан тіндермен оттегінің
пайдаланылуы толығынан болады да,
оларда тотықсызданган
гемоглобин жиналып қалады. Осыдан ағзаның кӛгілдір тҥс
қабылдауы (цианоз) дамиды.
Жҥрек
жеткіліксіздігі
кезінде
байқалатын
веналық
гиперемия кездерінде және ірі кӛктамырлар (қақпа немесе
259
қуыс веналары) бітелгенде организмде жалпы жҥйелік қан
айналым бҧзылыстары байқалуы мҥмкін. Ірі кӛктамырларда кӛп
қан іркіліп қалудан жҥрек шығарымы азайып,
артериялық
қысым тӛмендейді, тіршілікке маңызды ағзалардың (ми,
жҥрек) қоректенуі бҧзылады. Жҥрек жеткіліксіздігінен
немесе тыныс орталығының салдануынан организмнің жан
тапсыруы болады