Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


арттырып, ӛспеге айналдырады, кейде созылмалы және  аутоиммундық аурулар дамуына әкеледі.  Бактериялар



Pdf көрінісі
бет305/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

365
арттырып, ӛспеге айналдырады, кейде созылмалы және 
аутоиммундық аурулар дамуына әкеледі. 
Бактериялар 
барлық дерттілік ықпалдарын пайдаланып 
тіндердің 
бҥліністерін 
туындатады. 
Олар 
гидролиздік 
ферменттерімен (гиалуронидаза) тіндерді ыдыратады. Сонымен 
бірге бактериялардың уыттары организмді уыттандырады. Бҧл 
уыттардың 
да, 
әсіресе 
экзотоксиндердің, 
ферменттік 
белсенділігі болады (жоғарыдан қараңыз). 
Жҧқпалы ҥрдістердің патогенезі. 
Жҧқпалы ҥрдістер кездерінде қызба, қабыну, гипоксия
зат алмасуларының бҧзылыстары және организм ағзалары мен 
тіндерінің, 
жҥйелерінің 
қызметтерінің 
бҧзылыстары 
байқалады. Қызба жҧқпалардың әсерлерінен фагоциттерде 
ӛндірілетін эндогендік пирогендердің ықпалынан, қабыну тін 
бҥліністеріне жауап ретінде дамиды. Гипоксия тіндерде 
биологиялық 
тотығудың 
бҧзылыстарынан 
және 
ӛкпе 
гиповентиляциясынан дамиды. Жҧқпалы ҥрдістердің бастапқы 
кезеңдерінде зат алмасуларында ыдырау ҥрдістері басым 
болса, соңғы сауығу кездерінде тҥзілу ҥрдістері басым 
болады.
Жҥрек-қан тамырлар жҥйесінде
бактериялардың уыттарының 
әсерлерінен дамитын: 
● су мен электролиттер алмасуларының бҧзылыстары; 
● қышқылдық-сілтілік ҥйлесімнің бҧзылыстары; 
● қан қҧрамы мен оның қасиеттерінің ӛзгерістері т.с.с. 
бҧзылыстардан 
миокардта 
қан 
айналым 
ӛзгереді, 
кардиомиоциттердің мембраналары мен ферменттік жҥйелерінің 
бҥліністері, жҥректің энергиямен қамтамасыз етілуінің және 
жҥйкелік-сҧйықтық реттелістерінің бҧзылыстары байқалады. 
Қан тамырларының ӛзгерістері дамиды. Осыдан: 
♣ жҥрек аритмиясы; 
♣ коронарлық қан айналым жеткіліксіздігі; 
♣ жҥректе майда қан айналым бҧзылуы; 
♣ жҥрек қызметінің жеткіліксіздігі; 
♣ айналымдағы қанның дене мҥшелері арасында қайта 
бӛлініске ҧшырауы – байқалады. Осылардың нәтижесінде 
жҥйелік қан айналымның жіті (кейде коллапс, кардиогендік 
сілейме дамуына дейін) немесе созылмалы жеткіліксіздіктері 
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет