Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Метионинсинтаза ферментінің белсенділігі тӛмендеуі



Pdf көрінісі
бет366/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Метионинсинтаза ферментінің белсенділігі тӛмендеуі. 
К
обаламин тапшылығы кезінде, метионинсинтаза ферментінің 
белсенділігі 
тӛмендеуден, 
ДНҚ 
молекуласының 
тҥзілуі 
бҧзылады (-сызбанҧсқа). Осыдан: 
● сҥйек кемігінде эритроциттердің ӛндірілуі бҧзылады; 
● ас қорыту жолдарының бҧзылыстары байқалады. 


435
Эритроциттердің ӛндірілуі бҧзылуы. 
Сҥйек кемігінде 
эритрокариоциттерде, ДНҚ молекуласы тҥзілмеуінен, оның 
митоздық кӛбеюі S-фазасында тоқталады. Ӛйткені бҧл кезде 
жасуша ядросындағы бар ДНҚ молекуласы жартылай ғана екіге 
ажырап, бір жасушаның ішінде сақталып қалады. Сол себепті 
жасушалардың ішінде қалыптыдан кӛп ДНҚ молекуласы болудан, 
оның кӛлемі ҧлғайып, алып жасушалар пайда болады. Оларды 
мегалоциттер дейді. Содан сҥйек кемігінде қан ӛндірілу 
эритробластық 
тҥрінен 
мегалобластық 
тҥрге 
ауысып, 
мегалобластар мен мегалоциттер ӛндіріледі. Бҧл кезде 
дәрменсіз эритропоез кҥшейеді, эритроциттердің тіршілік 
мерзімі 
қысқарады. 
Қан 
ӛндірілуі 
бҧзылуынан 
және 
эритроциттердің сҥйек кемігінде артық гемолизінен анемия 
дамиды. Мегалобластар мен мегалоциттер шеткері қанға 
тҥседі. Бҧл алып жасушалар гемоглобинге қаныққан болады. 
Содан қанның тҥстік кӛрсеткіші 1-ден жоғары болып, анемия 
гиперхромдық тҥрде дамиды. Ӛйткені қанда гемоглобиннің 
жалпы деңгейі азаяды.
Бҧл анемия кезінде, эритроциттер мен гемоглобиннің 
азаюымен қатар, лейкоциттер мен тромбоциттердің де азаюы 
байқалады. Оларда бҥліністік ӛзгерістерге ҧшырап, алып 
нейтрофилдер және ядросы бҥлінген мегакариоциттер шеткері 
қанда кӛптеп пайда болады.
Ас 
қорыту 
жолдарының 
бҧзылыстары.
Кобаламинңің 
жеткіліксіздігінде, ДНҚ молекуласы тҥзілмеуінен, асқорыту 
жолдары эпителий жасушаларының ӛсіп-ӛнуі бҧзылып, оның 
бӛліктерінің 
кілегей 
қабықтарында 
атрофиялық 
қабыну 
(глоссит, стоматит, эзофагит, гастрит, энтерит) дамиды.
Атрофиялық глоссит дамуынан тілдің бҥрлері жоғалып, жып-
жылтыр болып, ол тегістеліп кетеді. Бҧндай тілді «Гунтер 
тілі» дейді ( - сурет). Атрофиялық гастриттің нәтижесінде 
ішкі антианемиялық фактордың ӛндіріліп шығарылуы бҧзылып, 
В
12
-витаминінің сіңірілуі болмайды. Осыдан, кері айналып 
соғу шеңбері бойынша, кобаламиннің тапшылығы одан сайын 
кҥшейеді. 
- сурет. Гунтер тілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет