602
жылдамдығы шамамен 2-4 см/сек. болады. Оның бастапқы
тҥрткісі болып, бастапқы жҧтыну есептеледі. Бірақ,
тамақ
ӛңештен толық ӛтпей жатып, тез арада қайталап жҧтыну оның
толқи жиырылуын бәсеңсітеді. Артынан тҥскен тағаммен
ӛңештің саңылауының керілуі оның қимылдық әрекеттерін
кҥшейтеді. Ӛңештің қимылдық әрекеттері кезбе жҥйкесімен
реттелінеді.Сонымен қатар оның қабырғасының ішінде тегіс
салалы ет талшықтары толқи
жиырылуына әкелетін дербес
жҥйке ӛрімдері болады. Бҧл ӛрімдерде әрі қоздырғыш, әрі
тежегіш нейрондар бар. Қоздырғыш нейрондар холинергиялық
М
2
-рецепторлар арқылы ҧзына бойлық және жҥзік тәрізді ет
қабаттарын жиырады. Тежегіш нейрондар негізінен жҥзік
тәрізді ет қабатында орналасады
және олардың жиырылуын
тежейді. Ол нейрондардың тежегіш әсерін қан тамырларына
белсенді әсер ететін ішектік пептид және азот оксиді
кҥшейтеді. Бҧл екі нейрондарда ӛңештің денесі мен оның
тӛменгі қыспағын жҥйкелендіреді. Ӛңештің тӛменгі қыспағы
асқазан қышқылы мен ӛңештің саңылауындағы сілтілік реакция
арасында негізгі тосқауыл болып саналады. Ол
асқазаннан
тағамның ӛңешке кері лықсуынан (рефлюкстен) сақтандырады.
Оның ӛткінші босаңсуынан асқазанның қышқыл ӛнімдері ӛңешке
ӛтіп, ӛңеш қабынуына әкеледі.
Ӛңештің қимылдық әрекеттерінің бҧзылыстары ахалазия
(босаңсымау),
ӛңештің
тҧтасып
жиырылып
қалуы
және
склеродермия кездерінде байқалады.
Ахалазия
ӛңештің тегіс салалы ет талшықтарының және
тӛменгі
қыспақтың
тежегіш
нейрондарымен
реттелуі
жоғалуымен сипатталады. Содан ӛңештің толқи жиырылуы
болмауы, оның тӛменгі қыспағының
толық босаңсымауымен
қабаттасады. Дерттің бастапқы сатыларында жҧтқан тағам
ӛңештің ортаңғы және тӛменгі бӛліктерінде тҧрып қалады.
Қатты тағамды жҧту ҥшін артынан сҧйық ішуге мәжбҥрлік
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: