Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет504/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Тіс жегісі (кариесі).
Тіс жегісі 
— тістің қатты тіндерінде (кіреуке мен 
дентин) қуыс ақау пайда болып, ҥдемелі бҧзылыстармен 
сипатталатын дерттік ҥрдіс. Жер шарының кейбір аймақтары 
тҧрғындарының арасында бҧл дерттің тарауы 100%-ға дейін 
жетеді. 
Этиологиясы мен патогенезі. 
Тіс жегісінің негізгі 
себебі болып оның қатты тіндерін бҥліндіретін тістердегі 
таңдақтардың 
микроорганизмдері 
есептеледі. 
Олардың 
іштерінде стрептококтардың А тобына ерекше маңыз беріледі. 
Қазіргі 
адамдардың 
қоректену 
ерекшеліктері 
жануарлардың даму сатысында қалыптасқан тістер мен жақ 
жҥйесінің қҧрылымдық және қызметтік талаптарына сәйкес 
келмейді. Тағамның алдын-ала ҧнтақталудан ӛтуі тістерге 


599
тҥсетін жҥктемелерді азайтса, температуралық ӛңделуі, оның 
кӛптеген 
бӛлшектерінен 
(минералдық 
заттардан, 
фтор, 
кальций, амин қышқылдарынан, витаминдерден) айырылуына 
әкеледі. Сонымен қатар, тағамда жабысқақ кӛмірсуларының 
артық болуы тістерде таңдақтардың пайда болуына және 
оларда микроорганизмдердің жиналып, ӛсіп-ӛнуіне қолайлы 
жағдай туындатады. Осы кӛрсетілгендермен бірге тіс жегісі 
дамуында қазіргі адамдардың жалпы гиподинамиясы мен шайнау 
бҧлшықеттерінің аз кҥш-қуат жҧмсауының маңызы ҥлкен. 
Осыдан тіс жегісі дамуы жиілейді. Бҧл айтылғандар ғылыми 
тәжірибелерде 
дәлелденген. 
Мәселен, 
кӛмірсулары 
кӛп 
заттармен 
қоректендіру 
арқылы 
егеуқҥйрықтарда 
және 
атжалмандарда тіс жегісінің дамуы жиілейтіндігі байқалды. 
Кариестің патогенезінде кіреукенің тамақпен жанасатын 
және сілекеймен шайылатын сырттарында пайда болатын 
ҥрдістерге 
маңызды 
орын 
беріледі. 
Сілекей 
тістің 
кіреукесін тазалайды, қышқылдық-сілтілік ҥйлесімділікті 
теңгеретін (буферлік) және микробтарға қарсы әсер етеді, 
тістерге тҧздардың жиналуына (реминерализациясына) қолайлы 
жағдай жасайды. Ауыз қуысында сілекейдің азаюы тіс 
кіреукесінің сыртында таңдақтардың пайда болуына әкеледі. 
Оның 
қҧрамында 
глюкозадан 
ӛндірілген 
жабысқақ 
полигликандар болады. Ал, олар микробтардың қоректенуіне 
және ӛсіп-ӛнуіне таптырмайтын қолайлы жағдай болып келеді. 
Бҧл 
микрорганизмдер 
тағам 
қалдықтарын 
ыдыратып, 
кіреукедегі минералдық тҧздарды ерітетін органикалық 
қышқылдарды қҧрады, ауыз қуысында ацидоз дамытады. 
Сондықтан жануарларда сілекей бездерін сылып тастағанда, 
ауыз 
қуысы 
қҧрғақтанып, 
тіс 
жегісі 
жиі 
дамиды. 
Микрорганизмдердің әсерлерінен нәруыздардың ыдырауынан 
кальцийді байланыстыратын затгар пайда болады. Олар 
кіреуке 
мен 
дентин 
қҧрамындағы 
гидроксиапатит 
кристалдарынан кальцийді шығарып, байланыстырады. Содан 
тістердің деминерализациясы болады. 
Тіс 
жегісінің 
патогенезінде 
жҥйкелік-нәрленістік 
әсерлердің маңызы бар. Әдетте тіс ҧлпасының сыртқы 
қабатының 
жасушалары 
(одонтобластар) 
тістің 
қатты 
тіндерінің 
қоректенуін 
қамтамасыз 
етеді. 
Ал, 
осы 
одонтобластардың дистрофиясы нәтижесінде тістің қатты 
тіндерінің (кіреуке, дентин) қоректенуі бҧзылады. 
Кеміргіш жануарларда ҧдайы ӛсетін кҥрек тістерінің 
қайта-қайта мҧжылуы рефлекстік тҥрде сілекей бездерінің 
гипертрофиясын туындатады. Осыдан оларда сілекейдің кӛп 
шығарылуы тіс жегісі дамуынан сақтандырып, тістердің ӛсуін 
тездететіні белгілі болды. 
Осыған 
байланысты 
қазіргі 
адамдардың 
шайнау 


600
бҧлшықеттеріне кҥш тҥсуінің тӛмендуі және тістердің 
мҧжылуы азаюы кариес дамуының қарқынын кҥшейтеді деуге 
болады. Сонымен қатар, тіс жегісіне тҧрақтылыққа тҧқым 
қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы болуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет