Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені Қазақ тіліне тəржімалаған: Əлия Ибрагимова «Ақ лала гүлдер өлкесі»



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата19.10.2022
өлшемі0,56 Mb.
#153754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Финляндия - ақ лала гүлдер мекені

ҚАҺАРМАНДАР МЕН ХАЛЫҚ
Кейбір мемлекеттер ұлтқа қауіп төндіретін дағдарыстарға тап
болады немесе түгелдей күйзеліске ұшырайды. Ал кейбір ұлттардың
өмірі, керісінше, бірқалыпты қалыптасқан күйі жалғасын тауып
жатады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың қай – қайсысы болмасын,
тек қана мемлекет қайраткерлерін, министрлерді, депутаттарды ғана
толғандырып қоймай, əрбір ұлт өкілін ойландыруы тиіс.
Ойлау жұмысымен шұғылданатындар болсын, қара жұмыс 
істейтіндер болсын, ер, əйел, кəрі, жас демей, қала тұрғындары мен
ауыл тұрғындарын да – барлығын осы мəселе толғандыруы тиіс – ақ.
Мемлекеттердің күшті немесе əлсіз болуы, олардың көркейіп,
дамуы немесе тұралап қалуы ел тізгінін ұстаған басшылардың халыққа
берген сенімдері мен тұрақтылығына, олардың табансыздықтарына
ғана байланысты емес. Ел басындағы адамдар жақсы болсын, жаман
болсын, ержүрек болсын, қатыгез болсын, қандай болса да – олар өз
ұлтының айнасы, ұлт рухының көшірмесі іспеттес. Қоғам қандай
болса, басқарушылары да сондай болады. Сол себепті, «əр ұлттың
өзіне сай басқарушысы бар» деген сөз бекер айтылмаса керек?!
Қоғамда қайшы пікірлер тудырған бұл шындықты нақтылай түсу үшін,


бағзы заманнан бері дау тудырып келе жатқан философиялық жəне
тарихи бір тақырыпты қозғауға рұқсат етіңіздер. Бұл тақырыпты
өрбітер болсақ:
Ұлт тарихын кімдер жасайды? Мемлекет пен адамзат өміріндегі 
ең əуелі оқиғалардың басында кімдер болды? Олар белгілі бір ұлт 
өкілдері, яғни, атақты адамдар ма, əлде, əйгілі ағышын ойшылы 
Карлейль айтқандай, қаһармандар ма? Əлде, ұлт тарихы дегеніміз ұлт 
өкілдерінің көрсеткен қайсарлығы мен халық рухын жұмылуы арқылы 
жүзеге аса ма?
Карлейль бұл пікірдің алғашқысына қосылған жəне өз ойын
дəлелдеп берген. Ал, Лев Толстой болса, екінші пікірді қолдаған.
Карлейль өзінің «Қаһармандар жəне тарихтағы қаһармандықтар»
атты шығармасында олардың өркениеті мен мəдениеті жайлы жазған.
Карлейльдің ойынша, ұлт жансыз пластилин тəрізді. Ол бір шебердің
қолына түспесе, мəңгілік пішінсіз жəне қимылсыз күйінде қалады.
Цезарь, Наполеон, Ұлы Петр, Сократ жəне Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с)
сияқты бірі өнер иесі, бірі ел мойындаған тұлға, бірі қаһарман, енді
бірі пайғамбар болған адамдардың біреуі жансыз пластилинді
қолдарына алатын болса, оны өздері қалаған пішінге енгізген болар
еді.
Шыңғыс хан Азияның сайын даласынан миллиондаған қол
жинады. Қытайды, Үндістанды, Иранды, Ресейді өзінің қол астына
қаратты. Петр Амиеньский Иерусалимді мұсылмандардан азат ету
үшін бүкіл католиктік Еуропаны аяғынан тік тұрғызды. Мартин Лютер
реформа жасады. Нерондар мен Калигулалар болса, көне Римнің көзін
жойды. Бисмарк пен Хогенцоллерндердің саясаты Германияны орасан
зор күйзеліске ұшыратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет