23
Республиканский научно-педагогический, методический журнал
№40 (апрель) 2022 год
КӘСІПТІК – ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
Түркістан облысы. Түркістан қаласы.
Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі
Байсеит Нурбол Нұрғалиұлы
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің
әрекетті
бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның
ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты
қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен
спорт саласында теориялық білім беру.
Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және
әскери деп екіге бөлінеді: Ол өмірге, келешек
мамандыққа өте қажет кешенді қимыл —
әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз
мамандықтарын (әскери де, азаматтық та)
жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және
денсаулық
нығайту дене мәдениеті деп
бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты
адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша
жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін
дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру.
Денсаулық нығайту дене мәдениеті –
денсаулықты
нығайтуға,
жаттығушылар
ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға
қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста
(сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене
жаттығулары)
күнделікті
тұрмыста
(таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру
сабақтары,
серуендеу, саяхат, жорық т.б.)
қолданылады. Дене қуаты дайындығы
дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің әскери,
спорт, өнеркәсіп талабына сай дамытылған
дене
қуаты
қасиеттерінің,
қимыл
дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және
арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді.
Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы
әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене
тәрбиесі
үрдісі.
Арнайы
дене
қуаты
дайындығы дегеніміз –
арнайы бір спорт
немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене
тәрбиесі үрдісі. Дене қуатының дамуы
дегеніміз – адам ағзасының табиғи және
мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен
өскенде
баланың
морфофункционалдық
көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі
көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді.
Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы
құрастырылған
жаттығулар көмегімен өседі,
өзгереді.
Дене
қуатының
рекреациясы
–
жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс
ұйымдастыру.
Ол
дене
тәрбиесі
жаттығуларының
көмегімен
халықтың
көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші
әрекетке
көшіреді.
Дене
қуатының
реабилитациясы – адам организмінің жарақат
алып ауырған функцияларын жаттығулар,
массаж, монша буы, су процедурлары
арқылы емдеу, қалпына келтіру. Дене қуатын
жетілдіру –
адамның дене қуаты қасиетін
үйлесімді
дамыту
және
жан-жақты
дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі
мен дағдысына үйрету және теориялық
біліммен қаруландыру. Шынықтыру – дене
шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн
процедуралары арқылы, дене жаттығуларын
орындау арқылы шынықтыру.
Дене мәдениеті және спорттың теориялық
негіздері студенттерге
дене тәрбиесі және
спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің
мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар
туралы теориялық мәліметтер беру.
Дене
тәрбиесінің
теориясы
мен
әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:
Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері
– дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене
тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын
орнын зерттейді.
Дене тәрбиесінде жиі
кездесетін
терминдерге,
ұғымдарға
теориялық
түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі
жүйесіне,
дене
тәрбиесі
амалдарына,
әдістеріне,
дене
қуаты
қасиеттеріне,
қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене
тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге
терең ғылыми теориялық түсінік береді,
олардың заңдылықтарын анықтайды, дене
тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану
керек екенін оқытады.
Дене
тәрбиесінің
әдістемесі
—
әртүрлі
жастағы
адамдардың
дене
тәрбиесінің
ерекшеліктерін, заңдылықтарын
белгілейді,
талқылайды.
Жүргізілетін
сабақтардың
мазмұнын,
құрылымын,
түрлерін,
жоспарлауды,
ұйымдастыру
әдістерін,
әдістемелерін
оқытады.