5В091200 Ресторанное дело и гостиничный бизнес


БЕКІТІЛДІ , жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім  департаментінің 2016 ж. 07 шілдесінің № 14-4/1134 хатымен  ІСКЕ



Pdf көрінісі
бет14/148
Дата26.10.2022
өлшемі2,18 Mb.
#154947
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   148
Байланысты:
doc file n0028

БЕКІТІЛДІ
, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
департаментінің 2016
ж. 07 шілдесінің № 14-4/1134 хатымен 
ІСКЕ 
ҚОСЫЛДЫ
4 Типтік оқу бағдарламасы ҚР БжҒМ 2016 ж. 05 шілдесінің № 425 
бұйрығымен бекітілген 5В091200 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі 
мамандығының типтік оқу жоспарына сәйкес құрастырылды. 
 


21 
ТҮСІНІКТЕМЕ 
 
Кәсіби шетел тілі курсы 5В091200 –«Мейрамхана ісі және мейманхана 
бизнесі» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған. Бұл курс 
базалық пәндер циклына (БП) жатады және 90 сағатқа мөлшерленіп жасалған 
(2 кредит).
Бағдарлама негізінде мынадай мақсаттар көзделген:
- кәсіби шетел тілін меңгеру жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті 
мамандарды дайындаудың негізгі бөлшегі болып табылады;
- кәсіби шетел тілін үйрену пәнаралық интегративті негіз бойынша құралады;
-кәсіби шетел тіліне үйрету студенттердің коммуникативті-мәдениаралық, 
танымдық, ақпараттық, кәсіби құзыреттерінің кешенді дамуына бағытталған.
«Кәсіби шетел тілі» курсын меңгеру әртүрлі дереккөздерден алынған 
ақпаратты табу, өңдеу, талдау және қолдану дағдыларын жетілдіру арқылы 
осы ПЖББ-нің басқа пәндері бойынша білімдерін өрбітуге ықпалын тигізу 
керек.
Пререквизиттері
– жоғары оқу орнына белгіленген көлемдегі шетел тілі
курсы.
Постреквизиттері 
– шетел тілін В1 және LSР- тілді кәсіби деңгейде 
халықаралық стандарттарға сәйкес меңгеру.
 


22 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ
Курстың негізгі 
мақсаты
студенттердің шетел тілін үйренудегі 
бастапқы алған білім деңгейлерін көтеру және жетілдіру, сонымен қатар 
әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас орнатқан кезде коммуникативтік 
құзыреттілікті қажетті, жеткілікті деңгейде меңгерту, кәсіби білімдерін 
дамыту болып табылады. Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесімен 
байланысты мекемелерде, аталған саламен айналысатын мемлекеттік және 
жеке компанияларда, тамақтандыруды ұйымдастыратын мекемелер мен 
қызмет көрсететін орындарда, жарнамалық агенттіктерде шетел тілін жоғары 
деңгейде қолдана білу маманның кәсіби қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді.
МІНДЕТТЕРІ: 
- лексикалық және грамматикалық дағдыларын дамыту;
- арнайы мәтіндерді оқу дағдыларын жетілдіру;
- болашақ қызмет саласында қарым-қатынас жасау жағдайларында кәсіби 
тақырыптар бойынша сұхбаттасу;
- болашақ қызмет саласында кәсіби тақырыптар бойынша монолог және 
диалог құру дағдыларын жетілдіру;
- тыңдалым дағдыларын жетілдіру;
- кәсіби тілдің жазбаша және ауызша дағдыларын меңгеру;
- ақпараттық мәдениетті дамыту; 
- студенттердің ой-өрісін кеңейту және мәдениетін көтеру. 
Түлектердің шетел тілінде мәдениаралық қарым-қатынас орнату 
дағдыларын қалыптастыру және кәсіби шетел тілінде сөйлеу әрекеттерін 
жүзеге асыруды дамыту бакалаврға таңдаған қызмет саласында жемісті 
еңбек етуге, ой-өрісін кеңейтуге, кәсіби дағдылары мен білімін жетілдіруге, 
сондай-ақ оның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпалын 
тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет