3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Туризм: экотуризм» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сыныбы: 11 Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым. Жазылым



бет1/2
Дата17.02.2022
өлшемі56 Kb.
#132217
  1   2
Байланысты:
4.02.2020 БЖБ 11-сынып ІІІ тоқсан 2020ж.
10 соч 2ч, форма план самообр (1), 1310852

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Туризм: экотуризм» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Сыныбы: 11
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым. Жазылым.
Оқу мақсаты:
11.1.6.1 Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және
салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу;
11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе)


Бағалау критерийі Білім алушы
Әртүрлі дереккөзден алынған мәтіндерді салыстырып, аргументтермен дәлелді ойын білдіреді.
Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазазы (аргументативті эссе)
Ойлау дағдыларының деңгейі: Түсіну,қолдану
Орындау уақыты: 20-25мин


Тыңдалым.
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1-мәтін
Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, мемлекеттер қазынасына
сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы экотуризмнің еншісіне тиесілі екен.
Туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік
сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризм
түрлерінен айырмашылығы – табиғатта туристердің белгіленген тәртіпке бағынуы, табиғи
ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының
басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың құлдырауын болдырмау.
Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешендерінің сәтті
ілгерілеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың
салауатты өмір салтын сақтауға бейімделуін жолға қояды. Қоғамның табиғи ортаға және
экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.
2-мәтін
Қазақстан экологиялық туризмді дамыту үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған ерекше
географиялық аймақта орналасқан, еліміздің адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып
бұрыштары, ландшафттар, тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындары үлкен
мүмкiндiк туғызады. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша
Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Табиғаты бүлінбеген
түрде сақталған аумақтың саны мен әртүрлілігі экологиялық туризм әуесқойларын ерекше
қызықтырады.
Еліміздегі экотуризмді дамытуда туристік фирмалар мемлекет мүддесі үшін қызмет
етпейді. Көпшілік туристік фирмалар шетелдіктер үшін еліміздің табиғаты көз тартатын
жерлеріне саяхат түрлерін ұйымдастырғаннан гөрі, қазақстандықтарды шетелге саяхатқа
жіберумен айналысқанды жөн көреді. Ол ел экономикасына кері әсерін тигізеді, өйткені
шетелге шыққан қазақстандық туристер мемлекеттің қаржысын барған мемлекеттің
экономикасына құяды. Сол арқылы шетелде жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет