39
Түсініктеме жазба
Математика зерттеулерде өте маңызды рөл атқарады. Ол
тек сандық
есептің қаруы ғана емес, сонымен қатар дәл зеррттеулердің әдісі және
ұғымдар мен мәселелерді анағұрлым нақты
қалыптастырудың құралы да
болып табылады.
Көптеген инженерлік қызметтерде күрделі логика-математикалық
үлгілерді жасап шығару қажеттілігі пайда болды. Математиканың
ақпараттарды тарату үрдістерін зерттеуде, инжерелік жоспардың шешімдерін
таңдалуында, технологиялық үрдістердің
операцияларын басқаруда
қолданылуы жоғары математикалық мәдениетті талап етеді. Себебі олар
құбылыстарды алдын-ала логикалық және математикалық тұрғыда сипаттап,
математикалық үлгісін құрастыруына негізделген. Бұның барлығы
математика курсының қолданбалы бағытын
дамытуды және математикалық
іргелі дайындықтың деңгейі жоғары болуын күшейту қажеттілігіне алып
келеді.
Жоғарғы оқу орындарының жағдайында келешек инженер-технологті
білім мен әмбебаптық икемділік
пен дағдыларды жинақтауға, тұрақты
кемелденуге және білімді жаңалауға ұмтылуға, үздіксіз
кәсіпқойлық дамуға
қабілеті бар жаңа мамандар буынын тәрбиелеу математика курсын оқып
үйренуде төменгі курстардан бастап кәсіпкер тұлғасының негізгі қасиеті
ретінде кәсіпкойлық бағытталуды қалыптастыруды ұстанылады.
Математика курсы екі мәселені шешеді:
1) Студенттердің математикалық дайындығының жалпы білімдік деңгейін
қамтамасыз ету;
2) Арнайы дайындықтың математикалық
қамтамасыз етілуі, яғни жалпы
техникалық және арнайы пәндерді оқып үйренуге, курстық және дипломдық
жобаларды жасауға, кәсіпқойлық қызметке қолдануға
қажетті математика
пәні бойынша білім мен білгірлікті сомдау;
Оқылатын пән мектеп көлеміндегі алгебра және талдау бастамасы,
геометрияны білуге негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: