41
Апатты жарықтандыру өндірістік ғимараттарда жұмысшы
жарықтандыру кенеттен өшкенде минималды жарықтандыруды
қамтамасыз ету үшін ескеріледі. Апатты жарықтандыруды қауіпсіздікті
және эвакуациялық деп бөледі.
Қауіпсіздікті жарықтандыру жұмысшы жарықтандыру өшкенде
ескеріледі. Мысалы, кенеттен болған қараңғылықтан қызметкерлер қате
әрекет жасап, технологиялық процесс бұзылуы мүмкін. Жұмысты
жалғастыру үшін қауіпсіздікті жарықтандыруды қосады.
Эвакуациялық жарықтандыру адамдардың өтуіне қауіпті орындарда
50 адамның эвакуациясына қажет өткелдер мен баспалдақтарда, жарық
өткенде жұмысшылар қондырғылардың жұмыс істеуінің есебінен
жарақат алуы мүмкін болатын өндірістік ғимараттарда ескеріледі.
Қауіпсіздікті
жарықтандыру
өндірістік
ғимараттар
мен
кәсіпорындарда
жалпы
жарықтылықтың
5%
мөлшерінде
жарықтандырады.
Апатты жарықтандыру үшін қыздыру шамдары мен разрядты
шамдар қолданылады.
Жарықтандыру құралдары үнемі автономды қосылып тұруы мүмкін
және негізгі жарықтандыру құралдарымен бір мезгілде қосылуы мүмкін
немесе қалыпты жарықтандыру көзі тоқтаған жағдайда автоматты түрде
қосылуы мүмкін.
Жасанды және табиғи жарықтандырылуды өлшеу мен бақылау
үшін, сонымен қатар жасанды жарықтылықтың сәулеленуінің пульсация
коэффициентін өлшеу үшін люксметрлер, люксметр – өлшегіштер және
люксметр – пульсметрлер (мысалы, “Аргус – 01”, “Аргус – 02”, “Аргус –
03”) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: