2.4. Шуыл мен дірілден қорғаныс.
2.4.1. Жалпы сипаттама
Технологиялық және инженерлік қондырғылардың жұмысы кезінде
туындайтын шуыл мен діріл адам ағзасына, құралдар мен құрылыстық
құрылымдарға зиянды істер тигізуі мүмкін. Химиялық кәсіпорындарда
шуыл мен діріл деңгейі ірі қондырғыларды, қуатты сораптарды,
компрессорларды,
центрифугаларды,
ұштағыштарды
және
желдеткіштерді қолдану есебінен арта түседі.
46
Шуыл мен діріл деңгейі рұқсат етілген мәндерден асса, еңбек
өнімділігі 10 – 20%-ға азаятыны белгілі. Шуыл мен діріл орталық жүйке
жүйесі мен асқазан жолына әсер етеді, қан қысымын арттырады, бас
айналу мен аяқ қолдардың ұйып қалуын тудырады, буындар мен қан
тамырларының
ауруларына
әкелуі
мүмкін.
Шуылы
көп
кәсіпорындардың жұмысшыларында гипертомия ауруы 50 – 60%-ға
көбірек байқалады. Мамандар пікірі бойынша қарқынды шуыл мен діріл
әсерінен жұмысшыларда шаршағыштық пен стресс пайда болады, бұл
апаттар мен жарақат алудың себепшісі болуы мүмкін. Өндірістік шуыл
мен діріл зиянды химиялық заттардың уытты әсерін күшейтеді және
үдетеді. Шуыл мен дірілдің кері әсерінен кәсіби аурулар (құлақ
мүкістігі, кереңдік, дірілдік ауру) пайда болуы мүмкін. Бұл кәсіби
аурулардың эффективті емделуі алғашқы сатыларда ғана мүмкін болады,
ағзаның қалпына келуі өте баяу өтеді [1].
Өндірістік ғимараттарда діріл көзі негізінен динамикалық қуат
тудыратын технологиялық қондырғылар болып табылады. Діріл
іргетастармен
және
құрылыстың
құрылымдарымен
үлкен
қашықтықтарға таралып, сығылу, жылжу және иілу сияқты қайтымсыз
деформацияларды тудыруы мүмкін. Дірілдің зиянды әсері дисбайланыс
есебінен қондырғының айналмалы бөлшектерінің мезгілсіз тозуынан,
бақылағыш – өлшегіш құралдар дәлдігінің төмендеуінен және қызмет
мерзімінің
азаюынан,
құрылғылар
мен
коммуникациялардың
механикалық беріктігі мен герметикалығының бұзылуынан білінеді.
Мұның бәрі шуыл мен дірілді санитарлық нормалармен белгіленген
деңгейлерге дейін азайту бойынша инженерлік – техникалық және
ұйымдастырушылық шаралар жиынтығын жасау және асыру
қажеттілігін анықтайды.
Шуыл мен діріл физикалық табиғаты бойынша материалдық
бөлшектер тербелістері болып табылады. Кез – келген қатты дене,
сұйықтық немесе газдың тербелістері, өлшем бірлігі герц (Гц) болып
табылатын жиілікпен сипатталады.
Жиілігі бойынша барлық тербелістер үш диапазонға бөлінеді:
инфрадыбыстық – 20Гц–20кГц-қа дейін (есту қабілетінің төменгі
шегінен төмен), әдетте бұларды діріл деп атайды; дыбыстық – 20Гц –
20кГц аралығында, есту мүшелерімен дыбыс ретінде қолданылады;
ультрадыбыстық – 20гГц-тан жоғары (есту қабілеті қалыпты адам үшін
қабылдаудың жоғарғы шегінен жоғары).
Діріл, естілетін дыбыс және ультрадыбыс арақатынасы 2.7 – суретте
келтірілген.
47
2.7 – сурет. Белл бойынша есту диапазоны
Достарыңызбен бөлісу: |