57
2.5. Жұмысшылардың қорғаныс құралдары.
2.5.1. Қорғаныс құралдарының жіктелуі
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды болдырмайтын немесе
алдын алуда қолданылатын қорғаныс құралдар адам ағзасы мен
қоршаған орта үшін ыңғайлы және еңбек шарттарына оптималды болу
керек
[1,5].
Қорғаныс құралдар қауіпті және зиянды заттардан болмау керек.
Олар эстетика және эргономика талаптарына сай, қорғаныстың жоғарғы
дәрежесінде болу керек.
Қорғаныс құралдар қорғаныстық, физиолого-гигиеналық және
пайдалану көрсеткіштерімен бағаланады.
Барлық қорғаныс құралдары өзінің функционалдық мақсаттарына
тәуелді үш топқа бөлінеді:
адамды мүмкін болатын қауіпке көңіл бөлетін құралдар;
қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адамға тигізетін әсерін
төмендететін немесе болдырмайтын құралдар;
алдын ала емдеу және алғашқы медициналық көмек көрсететін
құралдар.
Қорғаныс құралдарды қолдану сипаты бойынша ұжымдық қорғаныс
құралдар және дара қорғаныс құралдар болып екіге жіктеледі. Ұжымдық
қорғаныс құралдары бірнеше кластарға бөлінеді:
өндірістік ғимарат пен жұмыс орнының ауасын қалыпты ұстау –
барометрлік қысым көрсеткіштерін қалыпты ұстайтын қондырғы;
вентиляция жүйелері, ауаны тазалау және кондициялау, зиянды
факторлар әсерін жоятын қондырғы; жылыту жүйелері; автоматты
бақылау және дабылдау қондырғылары; ауаны тазартатын қондырғы;
қоршаған ортаны жоғарғы және төменгі температурадан қорғау –
бөлектейтін және термооқшаулайтын қондырғылар; алшақтан
басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
радиациялық басқару және суыту қондырғылары;
өндірістік ғимарат пен жұмыс орындарын қалыпты жарықтандыру –
жарық көзі және жарықтандырғыш қондырғылары, оптималды жарық
ойықтар, жарықтан қорғану қондырғылары және жарық сүзгіштер;
дыбыстан сақтану – бөлектейтін, дыбысты изоляциялайтын және
дыбысты
сөндіретін
қондырғылар;
алшақтан
басқарылатын
автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
вибрациядан
қорғану
–
бөлектеу,
виброоқшаулайтын,
вибросөндірілетін және виброжұтатын қондырғылар; дистанциялы
басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
ультрадыбыстан қорғану – бөлектеу қондырғылары; дистанциялы
басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
электр тогымен жарақаттанудан қорғану – бөлектеу қондырғылары;
дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау
58
қондырғылары; оқшаулайтын қондырғылар мен беттік қабаттар,
сақтанудың
жерлестіру,
автоматты
сөндіру
қондырғылары,
потенциалды теңестіруге және кернеуді төмендетуге арналған
қондырғы, дистанциялық басқару қондырғылары, алдын-ала
қорғайтын қондырғы, найзағайдың бағытын өзгертетін және
разрядтағыш қондырғылары, қауіпсіздік белгілері;
статикалық электр көздерінен қорғану – жерлестіру қондырғылары,
ауаны
ылғалдандыру
қондырғылары,
антиэлектростатикалық
қабаттар мен жұтқыштар, статистикалық электрді нейтралдағыштар;
магнитті және электр алаңдарынан қорғану-бөлектеу қондырғылары,
қорғану беттері, қауіпсіздік белгілері;
электромагниттік сәулелерден қорғану-бөлектеу қондырғылары,
қорғану
беттері,
қауіпсіздік
белгілері;
герметизациялау
қондырғылары, дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және
дабылдау қондырғылары;
инфрақызыл сәулелерден қорғану – бөлектеу, герметизациялау, жылу
изоляциялайтын қондырғылары, ауаны алмастыру қондырғылары,
дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау
қондырғылары; қауіпсіздік белгілері;
ультракүлгін сәулелерден қорғану – бөлектеу, герметизациялау, жылу
оқшаулайтын қондырғылары, ауаны алмастыру қондырғылары,
дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау
қондырғылары; қауіпсіздік белгілері;
лазер сәулеленуден қорғану – бөлектеу қондырғылары, қауіпсіздік
белгілері;
ионизацияланатын
сәулелерден қорғану
– бөлектеу және
герметизациялау қондырғылары; ауаны алмастыру және тазарту
қондырғылары;
изотоптар
мен
радиобелсенді
қалдықтар
сиымдылығын сақтау және тасымалдау қондырғылары; қорғаныс
қабаттары, дезактивация қондырғылары; дистанциялы басқарылатын
автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; қауіпсіздік
белгілері;
механикалық факторлар әсерінен қорғану – бөлектеу қондырғылары,
автоматты дабылдау және бақылау қондырғылары; алдын-ала
қорғайтын қондырғылар; тежеуіш қондырғыларын дистанциялы
басқару; қауіпсіздік белгілері;
химиялық факторлар әсерінен қорғану – бөлектеу және
герметизациялау қондырғылары, автоматты бақылау және дабылдау
қондырғылары; ауаны алмастыру және тазарту қондырғылары; улы
заттардың көзін жою қондырғылары мен аппараттары; автоматты
басқару қондырғылары; қауіпсіздік белгілері;
биологиялық факторлар әсерінен қорғану
– дезинфекция,
стерилизация, дезинсекция және дератизация қондырғылары мен
59
аппараттары; бөлектеу және герметизациялау қондырғылары, ауаны
алмастыру және тазарту қондырғылары; қауіпсіздік белгілері.
Дара қорғаныс құралдар қондырғы құрылымының, өндірістік
үдерісті оптималды ұйымдастырудағы, архитектурлық-жоспарлық
шешімнің және ұжымдық қорғаныс қондырғыларының қауіпсіздігін
қамти алмаған кезде қолданылады.
Дара қорғаныс бұйымдары мақсаты бойынша келесі кластарға
жіктеледі:
оқшаулайтын костюмдер – пневмокостюмдер, скафандрлер және
тағы басқалары;
тыныс алу ағзаларын қорғау құралдар – газқағар, респираторлар,
пневмошлемдер, пневмомаскалар;
арнайы киімдер – комбинезондар, жартылай комбинезондар,
күртешелер, шалбарлар, костюмдер, халаттар, плащтар, жартылай
тондар, тұлыптар, алжапқыштар, қолғаптар;
арнайы аяқ киімдер – етіктер, жартылай етіктер, ботфорттар,
бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, төплилер, калоштар, рәзіңке
етіктер, бахилдер;
қолды қорғау құралдар – жеңдер, қолғаптар;
басты қорғау құралдар – каскалар, шлемдер, шлем астынан киетін
баскиім, бас киім, береттер;
есту ағзаларын қорғау құралдар – дыбысқа қарсы шлемдер,
құлаққаптар, құлаққа тыққыштар;
көз ағзаларын қорғау құралдар – қорғағыш көзілдірік;
сақтандырғыш қондырғылар – қорғағыш белбеулер, диэлектрлік
кілемдер,
манипуляторлар,
тізерлегіштер,шынтақ
қаптар,
иықтағыштар;
қорғағыш дерматологиялық құралдар – жуатын пасталар, кремдер,
майлар.
Химия өндірісінің қызметкерлеріне арнайы киімдер мен арнайы аяқ
киімдер және басқада құралдар тегін таратылады. Еңбек қауіпсіздігінің
талаптарына сай қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамту
жұмыс берушінің міндеті болып табылады. Берілетін құралдар
өлшеміне, бойына, жынысына, істелетін жұмыстың жағдайы мен
сипатына сәйкес келу керек және еңбек қауіпсіздігімен қамту керек.
Жұмыс беруші қызметкерлерге қажетті құралдардың берілуін
ұйымдастыру керек және сол құралдардың өз уақытысында таратылуын
бақылау керек.
Жұмыс беруші мемлекет стандартпен бекітілген уақыты бойынша
жеке қорғаныс құралдарын сынақтан өткізіп, тексеруге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |