¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


БӨЛІМ 3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДЕГІ ӨНДІРІСТІК



Pdf көрінісі
бет31/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
treatise42883

 
БӨЛІМ 3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДЕГІ ӨНДІРІСТІК 
ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ. 
3.1. Технологиялық үдерістер қауіпсіздігі.
3.1.1. Потенциалды қауіпті технологиялық үдерістер.
Химиялық технология
 
үдерістер
белгілі бір жағдайда регламент 
талаптарының сақталмау нәтижесінде болатын сипаты бойынша әртүрлі 


64 
дәрежедегі апаттық жағдайға түсуіне қарай бөлуге болады. Осындай 
үдерістер потенциалды қауіпті үдерістер
деп атауға болады 
[1,5,9].
Потенциалды 
қауіпті 
үдерістерді 
химиялық 
технологияда 
төмендегідей төрт түрге бөлуге болады: 
1.
Уытты заттарды алу және қайта өңдеу; 
2.
Жарылғыш заттарды және қоспаларды алу және қайта өңдеу; 
3.
Үлкен жылдамдықпен жүретін үдерістер; 
4.
Аралас үдерістер. 
Химиялық технологияда потенциалды қауіпті үдерістердің негізгі 
бөлігін аралас үдерістер құрайды, яғни бір уақытта екі немесе үш 
топтарды көрсетеді. Оған қауіптіліктің барлық түрі не болмаса кейбір 
түрлері қатысады: улану, жарылыс, қондырғының немесе аппараттың 
механикалық бұзылуы, реакциялық масса қалдығы, технологиялық 
қателік. 
Апаттық жағдайлардың болу себептері әртүрлі, оларды келесі 
топтарға жіктеуге болады: 

Берілетін компоненттердің қатынастарының (үздіксіз үдерісте) 
немесе осы компоненттердің бірінің ағу жылдамдығы (жартылай 
үздіксіз үдерісте) өзгеру нәтижесінде заттың химиялық айналу 
жылдамдығы артып, бөлінетін жылу мөлшері артады, температура 
көтеріледі, жанама реакция жылдамдығы артады, газ бөліну 
қарқынды жүреді және тағы да басқа осындай құбылыстар 
байқалады; 

Хладагент шығымы төмендеуінен (немесе болмауынан) жылу таңдау 
төменделеді, темепература артады және т.б.; 

Қоспаның 
араласуы 
болмаған 
жағдайда 
реакцияланбаған 
компоненттердің жиналуына және тоқтаған немесе іркілген аумақтың 
түзілуіне әкеліп соғады; 

Аппаратқа бөтен өнімдердің жиналуынан жанама реакцияның 
жылдамдығы артады, температуралық тәртіп бұзылады және т.б.; 

Реакцияланатын заттың қатынасын өзгертетін бастапқы компонент 
құрамдарының өзгеруінен технологиялық тәртіп бұзылады; 

Будың немесе газдың жоғалту тәртібі бұзылғанда қысым артады. 
Мұндай ауытқулар автоматтандырылған немесе технологиялық 
қондырғылардың 
жұмыс 
істемеуінен 
және 
қызметкерлердің 
қателіктерінен пайда болады. 
Потенциалды қауіпті үдерістердің негізгі қорғанысы қорғаудың 
автоматтандырылған жүйесінде құрылғанда жақсарады. Сенімді 
қорғаныс жүйесімен жабдықталған автоматты технологиялық үдерісте 
апаттық жағдайды технологиялық қондырғының не болмаса реттеу 
жүйесі жұмыс істемегендіктен туады. 
Технологиялық үдерістердің потенциалды қауіптілігін төмендету 
үшін ең алдымен 
қауіпсіз регламент орнату
керек (яғни, үдерістің үлкен 


65 
тербілісі кезінде қауіпті параметрлер тұрақтылық шегінен шықпау 
керек), екіншіден 
периодты үдерісті үздіксіз үдеріске
алмастыру керек. 
Өнімділік бірдей үздіксіз әсердегі реактордың көлемін он есе кіші 
периодты әсердегі реактор көлемімен алмастырғанда келешекте болатын 
реакциялық массаның жалпы көлемі азаяды, осының салдарынан 
апаттық жағдайлардың болу мүмкіндігі төмендейді. Сонымен қатар 
үздіксіз үдерісті автоматтандыру жеңіл болғандықтан негізгі 
параметрлерді тұрақты деңгейде ұстауға болады. 
Технологиялық әдістермен қауіпті төмендетуге болады, бірақ 
апаттық жағдайлар азаймайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет