¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
treatise42883

 
 


60 
2.5.2. Дара қорғаныс құралдар 
Дара қорғаныс құралдар күнделікті қолдану (осы құралдарсыз 
қызметкерлер жұмыс орнына жіберілмейді) және апаттық жағдайда 
қолдану құралдарына бөлінеді. Соңғысы өртке, жарылысқа қауіпі бар 
және улы өнімдер бар өндірістерде қолданылады. 
Оқшаулайтын костюмдер
күшті әсер беретін уландырғыш, 
радиобелсенді және бактериологиялық заттарға қарсы киіледі. 
Оқшаулайтын костюмдер ауа жібермейтін және сүзгіш болып келеді. 
Ауа өткізбейтін типті арнайы киімдер улы заттардың тамшысы мен 
буын өткізбейтін резіңке немесе басқа армирленген материалдардан 
дайындалады. 
Сүзгіш костюмдері
арнайы химиялық құраммен 
сіңдірілген қағазмақта матасынан дайындалады. Жіңішке қабат мата 
жібін қабаттайды, ал басқа бөлігі еркін болып қалады. Оларға 
органикалық еріткіштерден, гидразин буынан, алифатты аминдерден 
азот оксидтерінен қорғанатын арнайы киімдер жатады. Сүзгіш 
костюмдер химиялық заттармен шашыраған аумақтарда қолданылады. 
Барлық оқшаулайтын костюмдер баскиімі мен күртешелер, 
жартылай комбинизондар және комбинизондар, костюм ішінің 
кеңістігіндегі ауа алмастыру жүйесі және апаттық жағдайдағы ауамен 
қамту жүйелері түрінде тігіледі. 
Химиялық өндірісте жалпы мақсатта киілетін арнайы киімдерден 
басқа ылғалдан, қышқылдан, мұнай-майынан, шаңнан, термо және 
электрден қорғайтын арнайы киімдерде қолданылады. 
Тыныс алу ағзаларын қорғау бұйымдары іс-әрекеті бойынша сүзетін 
және изоляциялайтын болып бөлінеді. Сүзетін бұйымдарға сүзетін 
қораптары бар әртүрлі маркадағы (улы қоспалардың құрамы мен 
концентрациясына тәуелді) газқағар және сүзетін респираторлар 
жатады. Қоршаған ортадағы ауаның құрамы аздаған зиянды қоспалар 
мен 18 % еркін оттегі болған кездегі ауаны тазалауды қамтамасыз етеді. 
Бұл қондырғыда ең алдымен сырттағы ауа зиянды қоспалардан 
тазарады, содан кейін тыныс алу ағзаларына жүреді, іштегі дем бірден 
сыртқа шығады. Оқшаулайтын қорғаныс құралдары сырттағы зиянды 
заттар бар ауаның құрамынан тыныс алуға болатын ауаны ғана тыныс 
алу ағзаларына жібереді. Оқшаулайтын қондырғылар тыныс алу 
қоспасынан тыныс алу ағзаларына ауаны жеке көздерден немесе таза 
аумақтарынан тыныс алуға болатын ауа көздерінен ауамен қамтиды. 
Бұған құбырды газқағар және ауа-оқшаулайтын газқағар жатады. 
Сүзетін 
өндірістік газқағарлар 
ауаның құрамындағы бу немесе 
аэрозоль (шаң, түтін, тұман) түріндегі зиянды заттар әсерінен адамның 
тыныс алу ағзаларын, көзін және бетін қорғайды. Ауа құрамында оттек 
аз болған жағдайда, мұндай газқағарды қолдануға тиым салынады, 
мысалы белгілі бір көлемде, цистернада, құдықта және басқада 
оқшауланған ғимараттарда. Бу және газ тәрізді зиянды заттардың жалпы 


61 
проценті 0,5 көлем , фосфорлы сутек 0,2 көлем , ал мышьякты сутек 
үшін 0,3 көлем аспау керек. Аз сорбцияланатын органикалық заттар 
үшін өндірістік газқағарды қолдануға болмайды (метан, этилен, 
ацетилен, бутан). Зиянды газдар мен булардың құрамы белгісіз болған 
жағдайда өндірістік газқағармен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. 
Өндірістік газқағар сүзгіш қораптан, құбыртан және сөмкемен 
жалғанатын бет бөлімінен тұрады. Сүзгіш қорап дем алатын ауаны 
тазартады. Қоспаның құрамына байланысты бір немесе бірнеше арнайы 
жұтқыншақтан немесе жұтқыншақ пен аэрозоль фильтрінен құралған 
комплектіден 
тұрады. 
Қораптар 
құрам 
бойынша 
қатаң 
мамандандырылған, сол себепті сыр мен маркамен ерекшеленеді. 
Мысалы, жұтылатын зат бензол немесе оның гомологтары, бензин, 
керосин, ацетон болса, онда оның маркасы А және қоңыр түсті. Егер 
маркасы Е, түсі қара болса, онда ол мышьяк пен фосфорлы сутек. 
Өндірістік газқағардың
зиянды заттардан қорғаныс уақыты сүзетін 
қораптың маркасымен, зиянды заттың типімен және олардың 
концентрациясымен анықталынады және 30 бастап 360 минут 
аралығында толқиды. Қолданыс үдерісінде газқағар қуаты төмендейді. 
Сүзгіш респираторлар ауадағы улылығы жоғары және тұрақсыз 
газдардан басқа зиянды газдардан, булардан, аэрозольдардан дем алу 
ағзаларын қорғайтын жеңіл бұйымның бірі болып келеді. Респираторлар 
ауаның құрамында оттектің мөлшері 18 төмен болмағанда және бу мен 
газ тәрізді зиянды заттардың ШЖМ 10-15 рет артық болған жағдайда 
ғана қолданылады. Респираторлар екі топқа бөлінеді: біріншісіне 
жартылай маскалы және сүзгіш элемент бір уақытта бет бөлігі бола 
алатындар, екіншісіне дем алынған ауаны жартылай маскаға жалғанған 
сүзгіш патронда тазаланады. Респираторлар қолданылуы бойынша 
шаңға қарсы, газға қарсы және газ бен шаңға тұрақты болып бөлінеді. 
Шаңға қарсылар дем алу ағзаларын әртүрлі аэрозольдардан, газқағарлар 
зиянды булар мен газдардан, ал газ бен шаңнан қорғағыш бір уақытта 
газдан, будан және аэрозольдардан қорғайды. Шаңға қарсы 
респираторларда сүзгіш ретінде жіңішке талшықты сүзгіш материалдар 
қолданылады. Полимерлі сүзгіш материал типтегі Петрянов сүзгіші 
(ПС) өзінің иілгіштігінің жоғарылығына, механикалық мықтылығына 
және шаң сорғыштығына, ең бастысы жоғары сүзгіштік қасиетіне 
байланысты кеңінен қолданылады. ПС материалының ерекшелігі – 
аэрозольдарды оңай ұстайтын электростатикалық заряды бар. Сонымен 
қатар ПС оқшаулау қасиетке ие. Респираторлар (ШБ-1, «Лепесток», 
«Кама») бір өңдеуден кейін екінші рет қолданысқа келмейді. Бірнеше 
рет қолданылатын респираторларда сүзгіш ауыстырылып отырады. 
Сүзгіштің сапасының кеткенін дем алу қиындағаннан білуге болады. 
Шаңға 
қарсы респираторларды 
зиянды 
газдардан, 
булардан, 
органикалық еріткіштерден және улы заттардан қорғануға тиым 


62 
салынады

Газқағар респираторлары ауаның құрамында зиянды газдар 
мен буларының мөлшері аз болғанда дем алу ағзаларын қорғауға 
қолданылады. Бұл респираторларды синил қышқылы, мышьяк және 
фосфорлы сутек, тетраэтилқорғасын секілді улылығы жоғары заттар, 
төмен молекулалы көмірсутектер, сонымен қатар жарақаттанбаған 
теріден өтетін заттарға қолдануға болмайды. Жұмыс істеу жағдайларына 
тәуелді респираторлар әртүрлі маркадағы сүзгіш патрондармен 
құрастырылады. Жұтатын марканың әрбір маркасы белгілі бір химиялық 
заттардан қорғайды, мысалы, А – органикалық газдар мен булардан, В – 
күкірт диоксидінен, хлордан, хлорсутектен, К – аммиактан қорғайды. 
Өндірістік құбырды газқағарларды
 
улы газ тәрізді заттар 
жиналатын химиялық өнімдерді сақтайтын қоймаларды, құдықтарды, 
химиялық өндірістердің жер асты құбырдарді, мұржаларды, жер асты 
және басқада ғимараттарды тазалау жұмыстарын жүргізгенде 
қолданылады. Өндірісте келесі маркалы газқағарлар қолданылады: ПШ-
1Б, -1С, -20РВ және 20ЭРВ-40ЭРВ. Атмосферада 18 көлем% төмен 
оттегі және 0,5 көлем% зиянды заттар болған кезде оқшаулайтын типтегі 
тыныс алу ағзаларын сенімді қорғайды. Құбырды газқағарлар жинау 
кезіндегі иілгіштігімен тиімді. Газқағармен жұмыс істейтін адамдар 
дублерлердің қадағалауында, қауіпсіз аумақта болады және қажетті 
жағдайда көмек көрсетіледі. Құбырды газқағардың жұмыс істеу 
принципі бойынша жұмысшы құбыр арқылы ауа келетін шлем-
масканың көмегімен дем алады. Құбырдың бір соңы 20 метрден алшақ 
емес таза ауада болады. Оқшаулайтын газқағарларды оттегі 
жетіспегенде, зиянды заттардың жоғары концентрациясында және 
жұмыс аумағындағы ауа құрамындағы белгісіз заттар болған кезде 
қолдануға болады. Бұл газқағарлар 2 сағат бойына үздіксіз жұмыс 
істеуге арналған. Оқшаулайтын газқағарлардың негізгі элементі 
көміртек диоксиді мен ылғалды жұтатын және оттегімен қамтитын 
регенеративті патрон болып табылады. Оқшаулайтын газқағарлардың
құрамына бет бөлігі, дем алу қабы, дем алатын газ және оттегі 
қоспасындағы қызметтік резервуар және сөмке кіреді. Оттекті-
оқшаулайтын газқағарлар оттектік баллонмен жабдықталған. Мұндай 
құралдар 
дем 
алатын 
тұйық 
сақиналы 
қондырғымен, 
газ 
қондырғысының регенерациясымен және оларды баллоннан оттекті 
соратын қондырғылармен қамтылған. Оқшаулайтын газқағармен жұмыс 
істеуге медициналық комиссияның жарамды деген рұқсатымен ғана 
жіберіледі. Сонымен қатар олар теориялық және практикалық оқыту 
курсынан өту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет