56
Жұмысшыларды шуылдың тікелей әсерінен қорғау үшін акустикалық
экрандар қолданылады. Оларды біртұтас қатты металды немесе
пластикалы беттерден немесе қалқандардан жасайды. Шуыл көзіне
бағытталған жағын қалыңдығы 50-60 мм дыбыс жұтқыш қабатымен
өңдейді. Экранның сызықты мөлшерлері шуыл көзінің мөлшерлерінен 2-
3 есе артық болуы тиіс. Акустикалық экрандар қондырғысы көмегімен
жұмыс орындарындағы шуылды орташа жиіліктерде 10 дБ-ға, жоғары
жиіліктерде 10 дБ-ға азайтуға болады. Дыбысты жұтатын қаптауыштар
қатысында экрандардың акустикалық эффективтілігі артады [1].
Желдеткіш және газодинамикалық қондырғылар шуылын азайту
негізінен дыбыс көзін изоляциялау немесе бәсеңдеткіштерді қолдану
арқылы жүзеге асады.
Дірілден қорғау әдістері.
Дірілді азайтудың негізгі әдістері дірілді
изоляциялау, жұту және басу болып табылады. Дірілді изоляциялау үшін
сілкінетін қондырғыны машинаның салмақ түсетін құрылмаға қатысты
дірілмен әлсірететін виброизоляторға орнатады. Виброизолятор ретінде
серпінді материалдардан жасалған аралықтар, серіппелі, резинометалды
және басқа да амортизаторлар қолданылады. Серпінді материалдардан
жасалған аралықтар (резиналар мен тығындар) жоғары жиілікті
дірілдерді жою үшін пайдаланылады. Резиналы виброизоляторлар
кемшілігі – олардың қызмет мерзімі 15 жылдан аспайды.
Болатты виброизоляторлар төмен жиілікті дірілді эффективті
азайтады, олар резиналы виброизоляторға қарағанда берігірек және
ұзағырақ қолданылады.
Виброжұту арқылы машиналар мен ауа өткігіштердің жұқа
қабырғалы металды құрылмалары бойынша таралатын дірілдерді
азайтады. Ол үшін жұқа қабырғалы құрылмалар бетіне ішкі үйкелісі
үлкен материалдардан жасалған дірілді жұтушы беттерді отырғызады,
бұл жүйедегі тербелістік энергияның жылулық энергияға айналуы
есебінен шығынын арттыруға мүмкіндік береді. Дірілді жұтатын беттер
резинадан, пластмассадан, асбокартоннан немесе битуммен сіңірілген
фетрден дайындалады. Олардың қалыңдығы жабылатын құрылма
қалыңдығынан 2-3 есе артық болуы керек. Дірілді басу арқылы
құрылмалардың механикалық тербелістерін әлсіретеді. Бұл тербеліс
жүйесіне қосымша қаттылық элементтерін енгізу арқылы жүзеге асады.
Негізгі жүйенің тербелістерінің жиілігін әлсірететін қосымша тербеліс
жүйесін енгізуге де болады. Отандық тәжірибеде бұл мақсатта төмен
жиілікті вибробасқыштар қолданылады [35,37]. Шуыл мен дірілді өлшеу
үшін шуылөлшегіштер (ВШМ-201), шуыл мен дірілді өлшегіштер
(ВШВ-0,03-М2) және шуылөлшегіш – дірілөлшегіштер (ШВД001 және
ШВИ) пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: