¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Өндірістің объектінің жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет35/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
treatise42883

1. Өндірістің объектінің жалпы сипаттамасы.
Оған өндірістік 
объектінің толық атауы, оның мақсаты және іске қосылу жылы
технологиялық үдерісті өңдеген және жобаны орындаған ғылыми-
зерттеу және жобалық ұйымның толық атауы; технологиялық 
сызықтардың (ағынның) саны және олардың мақсаты. 
2. Бастапқы заттың, материалдың, реагенттің, катализатордың, 
жартылай дайын өнімнің және дайындалатын өнімнің сипаттамасы.
Бұл бөлімде өнімнің техникалық атауы толығымен және олардың сапасы 
(техникалық-нормативті құжаттарға сәйкес) көрсетілуі керек. Сапа 
көрсеткішінде шикізатты регламенттейтін, аралық өнім мен дайын 
өнімнің компоненттерінен металл коррозиясын тудыратын тексерулер 
міндетті түрде болу керек. 
Реагенттердің, жартылай дайын өнімдердің және дайын өнімдердің 
жарылғыш, өртке қауіптілік және улылық қасиеттері «Өндіріс 
эксплуатациясының қауіпсіздігі» бөлімінде келтірілуі керек. 
3. 
Технологиялық үдерісті
 
және өндірістік объектінің 
технологиялық сызбасын бейнелеу.
Сипаттау регламентпен бірге 
ұсынылған графикалық қосымшадағы технологиялық үдерістің 
сызбанұсқасымен қатаң түрде сәйкес келу керек. Технологиялық 
сызбанұсқаны сипаттау технологиялық үдерістің сатылары бойынша 
жүреді, үдерістің
негізгі технологиялық параметрлері (температура, 
қысым, көлем жылдамдығы) көрсетілген, шикізаттың қондырғыға 
түсуінен 
басталады, 
үдеріске 
қосылған 
және 
технологиялық 
сызбанұсқаның құрамына енген негізгі қондырғының атауы. Төменде 
технологиялық 
сызбанұсқадан 
негізгі 
автоматизация 
және 
тұйықталудың негізгі сызбалары сипатталған. 
Үдерісті сипаттағанда негізгі реакциялар, олардың жүру 
жағдайлары, жылу эффектісі және катализатордың болуы міндетті түрде 
келтірілуі керек. Сонымен қатар екіншілік энергоресурстар – екіншілей 
энергокөзін жою кезінде алынған ыстық су және бу, жоюдан кейінгі 


69 
кіретін газдың температуралық (жою пешінен, ауаны жылытқыш) 
параметрлері көрсетілуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет