¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


  Өндірістік қалдықтар, ағынды



Pdf көрінісі
бет38/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65
Байланысты:
treatise42883

8. 
Өндірістік қалдықтар, ағынды 
су, атмосферадағы 
қалдықтары, оларды қайта өңдеу және залалсыздандыру әдістері.
Ағынды су мен ауадағы өндірістік қалдықтар жайлы мәліметтер кесте 
түрінде залалсыздандырылатын және қолданылмайтын өндірістік 
қалдықтардың 
толық 
атауы 
мен 
сипаты 
келтіріледі. 
Залалсыздандырылатын қалдықтар үшін қайта қайда қолданылатыны 
және қанша мөлшерде қолданылатыны, ал қолданылмайтын қалдық 
үшін қандай әдіспен жойылатыны және қайда жойылатыны көрсетіледі. 
Ағынды және химиялық ластанған сулардың канализациясы қайда 
құятыны, ликвидациялау әдістері, сонымен қатар қалдықтардың 
қайталануы көрсетіледі. 


72 
Бұл бөлімде шығарылған өнімнің өндірістік үдеріске және қоршаған 
ортаға тигізетін әсері қарастырылған. 
9. Технологиялық қондырғының, реттегіш және қорғағыш 
клапандардың қысқаша сипаттамасы.
Барлық қондырғылардың 
қысқаша сипаттамасы регламенттегі технологиялық сызбанұсқаның 
графикалық қосымшасында келтіріледі. Онда жабдықтардың толық 
атауы (түрі және оның мақсаты), сызбанұсқа бойынша орнының нөмірі, 
жабдықтар дайындалған материал және оның саны, коррозиядан сақтану 
жолдары және техникалық сипаттамасы енгізіледі. Техникалық 
сипаттамасында негізінен габариті, қысымның, температураның және 
жылу алмасудың есептік мәндері, реакторлар мен пештерге арналған 
құбырлардың саны және олардың жылулық қуаттығы, колонадағы
ректификациялық табақшалардың саны, жарылыстан қорғайтын сорғыш 
пен компрессордың электрқозғалғыштық мәндері келтіріледі. 
Реттегіш клапандарда сызбанұсқа бойынша орнының нөмірі
жабдықтың орны, мақсаты, түрі және орнатылған клапанның негіздемесі 
туралы мәліметтер енгізіледі. Ал қорғағыш клапандарда клапанның 
орны (қорғалатын жабдықтың орны), қондырғыдағы есептік және 
технологиялық қысымы, бақылайтын және жұмыс клапандары үшін 
берілген қысым, сонымен қатар өшіру бағыты көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет