¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет40/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Байланысты:
treatise42883

Қорғайтын қондырғы.
Олар технологиялық қондырғының апатты 
және бөліктердің істен шығуын алдын-ала ескертеді және автоматты 
түрде қондырғыны істен шығарады немесе оның бүйымдарын өшіреді. 
Электр қондырғыларын қорғау мақсатында балқымалы қорғағыштарды 
қолданады. Қысымда жұмыс істелетін ыдыстардың жарылысын ескерту 
үшін клапандар қолданылады. Механизм мен машинаның (мысалы жүк 
көтеру кезінде кранның жүрісі) шектеулі қозғалысы болу үшін әртүрлі 
тірегіштер мен шектемелер қолданылады. 
Бирка жүйесі кеңінен қолданылады. Агрегатта, машинада немесе 
механизмде белгілі бір бирка (шифрлы пластинка) болмаған жағдайда 
оны іске қосуға болмайды. Егер жұмыс үдерісінде бирка жоғалса, онда 
механизм бірден тоқтатылуы керек. Бирканы тапсырғанда және 
қабылдағанда маман арнайы журналға қол қоюы керек. 
Қауіпсіздік дабылы.
Қауіпті ескертеді, бірақ алдын алмайды, сонда 
да қауіпсіздік жүйесінде маңызды роль атқарады. Оларға жарық дабылы, 
дыбыстық және түстік дабылдар, белгі дабылы және үдерістің әртүрлі 
параметрлерінің көрсеткіштері (температура, қысым, сұйықтық деңгейі 
және тағы басқалар) кіреді. 
Жарық дабылын
көбінесе зауыт ішіндегі темір жол транспортында 
қолданады, оны автомобиль жолдары мен жаяу жол қиылыстарына 
орнатады. Жарық таблосын цехтан шыққан транспортты ескерту үшін 
қолданады, ол апаттық жағдайлардың алдын алады. 
Дыбыс дабылы
үдерістің температура, қысым секілді шекті 
параметрлердің жетілуін дабылдайды. Оларды жарық дабылы мен 
байланыстыру болады. 
Көрсеткіш-қондырғылар жақын маңда болатын қауіптілікті 
дабылдайды (мысалы, шкаладағы қызыл сызықты манометр, су деңгейін 
көрсететін су өлшегіш шыны). 


74 
Дабыл қондырғылары қорғайтын қондырғылармен сәйкес болғанда 
тиімділігі артады. 
Дабылды түстер мен қауіпсіздік белгілері қызметкерлерді болатын 
қауіптен сақтау үшін қолданады. Оларды қауіпті ескерту үшін, 
қауіпсіздікті сақтау мақсатында белгілі бір істі орындау үшін, сонымен 
қатар, қашықтықта қажетті ақпарат беру үшін қолданады. 
Қауіпсіздік белгілері қауіпті жерлерде, өндірістік қауіпті 
аумақтарында орнатылады. 
Мемлекет стандарт бойынша төрт дабыл түс анықталады: қызыл, 
сары, жасыл және көк. 
Қызыл дабыл түсі
(тиым салыну, болатын қауіпті, өрт сөндіру 
қондырғысы) тиым салынатын белгілерде, өрт қауіпсіздігі және 
механизм (апаттық жағдайда да) мен машиналарды сөндіретін жазулар 
мен белгілерде, ашылатын қаптаманың ішкі бетін бояғанда, қақпақта, 
механизм мен машинаның шектеліп қозғалатын бөліктерінде, сонымен 
қатар, апаттық жағдайдағы қысымды түсіретін қол бұрғысында, жоғары 
кернеулі жұмыс кезіндегі майлы корпусты қосуда қолданады. Сонымен 
қатар, қызыл түсті өрт техникасы мен инвентарьда, дабыл лампасында, 
қауіпсіздік ережесі сақталмаған кезде, өрт сөндіргіштер мен құралдарда 
қолданылады. 
Сары дабыл түсі
ескерту белгілерінде, жұмысшылар жиі 
жарақаттанатын құрылыстық конструкция элементтерінде; мұқият 
болмаған 
жағдайда 
апатты 
тудыратын 
өндірістік 
қондырғы 
элементтерінде; цех іші мен арасындағы транспорт элементтерінде, 
көтеретін транспорт қондырғыларында; қауіпті аумақтарда орналасқан 
тұрақты 
және 
уақытша 
шектеулерде; 
қозғалмалы 
монтаж 
қондырғыларында және жүк көтеретін элементтерде; қауіпті және 
зиянды заттар бар ыдыстарда қолданылады. 
Жасыл дабыл түсі
эвакуациялы және қосымша есіктер мен 
терезелерде, дабыл лампаларында қолданылады. 
Көк дабыл түсі
көрсеткіш белгілерде қолданылады. 
Мемлекет стандарт талаптарына сәйкес қауіпсіздік белгілері тиім 
салынатын, ескертетін, жазылатын және көрсететін болып төртке 
бөлінеді. 
Тиым салынатын белгілер
белгілі бір істерді (қызыл түс 45
0
солдан 
жоғары оңнан төмен қара түсті белгілері бар іші ақ қызыл түсті жолақ) 
тиым салғанда қолданылады. 
Ескертетін белгілер
(қара түсті белгілері бар сары түспен 
дөңгелектелінген тең бұрышты үшбұрыш) қызметкерлерді болатын 
қауіптіліктен ескертеді. 
Жазылатын белгілер
(іші ақ сырты жасыл түспен квадратталған, 
ішіндегі белгілер мен жазулар қара түспен келтірілген) еңбек 
қауіпсізідігінің белгілі бір талабын орындайтын анық бір істі орындауға 


75 
рұқсат беруде не болмаса өрт қауіпсіздігінің талаптарында, сонымен 
қатар эвакуация жолдарын көрсетуде қолданылады. 
Көрсеткіштік белгілер
(көк түсті тік бұрыш, іші ақ түсті 
квадраттық формада, өрт қауіпсіздігінің белгілері қызыл түсті, ал басқа 
белгілері қара түсті) арнайы объектілер мен қондырғылардың, 
медициналық көмек көрсету, су, өрт пунктерінің, гидранттардың, өрт 
крандарының өрт сөндіргіштердің, өртті хабарлайтын пунктердің
қоймалардың және шеберханалардың орнын көрсетуде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет