77
болуы, сонымен қатар, өңделген ыстық немесе қолданылған
материалдар мен заттарды шашырату.
Өндірістік қондырғының қозғалмалы бөлшектері жарақаттану
көздері болып табылады, сол себепті оны қызметкерлерден оқшаулайды.
Егер қозғалмалы бөлшектің функционалды мақсаты шекарадан
қолдануға рұқсат етілмеген жағдайда қондырғыны жіберуді ескертетін
дабылдау құралдары, сонымен қатар дабыл түстері мен қауіпсіздік
белгілері орнатылады.
Өндірістік қондырғылар өрт пен жарылысқа қауіпсіз болу керек,
ол үшін статикалық электр зарядтары жиналмау керек. Дыбыстың,
ультрадыбыстың және вибрация дәрежесі эксплуатация тәртібінің
жағдайларының шекті мәндерінен аспау керек. Қондырғылар электр
(қоршау, жерлестіру, ток жүретін бөлшектерді изоляциялау, қорғаныс
өшіргіштері) қауіпсіздік құралдарымен қамтылады.
Қызметкерлерге қауіпсіздік тудырмас үшін оның құрылымының
элементтері үшкір бұрышты және беті кедір-бұдыр болмау керек.
Сонымен қатар қызметкерлерге зиянды әсері болатын сәулелердің
дәрежесін төмендету керек.
Жұмыс орнындағы (сонымен қатар, қоршаған ортадағы қалдығы)
зиянды заттар (сонымен қатар, өрт пен жарылысқы қауіпті заттар)
немесе зиянды микроорганизмдер бөлетін өндірістік қондырғылардың
ішінде оларды жоятын немесе стандартты және санитарлы нормамен
бекітілген
шекті
мәндерден
аспайтындай
концентрацияларын
төмендететін құралдардан құрылуы керек. Қажет болған жағдайда
қалдықтарды тазалаудан өткізеді немесе нейтралдайды. Зиянды заттар
мен микроорганизмдерді бірге жою қауіпті болған жағдайда, олардың
көздерін бөлек жояды.
Өндірістік қондырғы жұмыс сипатына сәйкес жергілікті жарықпен
қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: