¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар



Pdf көрінісі
бет44/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Байланысты:
treatise42883

3.3.2. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар
Ыдыс
– химиялық, жылулық және басқада технологиялық 
үдерістерді жүргізуге, сонымен қатар газ тәрізді және сұйық заттарды 
тасымалдауға арналған герметикалық жабық сыйымдылық. Ыдыс 
шығатын және кіретін штуцермен шектелген. 
Ыдыстарды және олардың элементтерін жобалау, сонымен қатар 
жоба бойынша оларды құру немесе қайта құру арнайы ұйымдарда 
жүзеге асырылады. Ыдыстарды дайындаудағы жобалар, техникалық 
жағдайлар және жоба мен нормативті құжаттардың мүмкін болатын 
өзгерістері уәкілетті органның келісімімен бекітіледі. 
Ыдыс құрылымды сенімділігін және мерзімінің барлық 
уақытындағы эксплуатациясының қауіпсізідігін қамтамасыз ету және 
техникалық куәландыру, тазалау, шаю үрлеу, жөндеу және металл мен 
қосылыстың эксплуатациялық бақылауын жүргізуге мүмкіндікті 
қарастыру қажет. 
Ыдысты ішінен және сыртынан қарауға кедергі келтіретін 
қондырғылар (араластырғыш, жыланшалар, табақша, қоршаулар және 
тағы басқалар) алынатын болу керек. Ыдыста суды толтыратын және 
төгетін, сонымен қатар гидравликалық сынақ кезінде ауаны жоятын 
штуцер болу керек. Ыдыстарды жасап шығаруға арналған материалдар 


81 
берілген іске пайдалану шарттарын, ортаның құрамы мен сипатын және 
қоршаған ауа температурасының ықпалын ескере отырып, есептік 
қызмет мерзімінің ішінде олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз 
етуге тиіс. 
Газбен қыздырылатын қондырғы ыдыстардың құрылымында 
қабырғаларын қажетті температураға дейін салқындататын сенімді 
тоңазытқыш болу керек. 
Ыдыстар қажетті люктармен және көрсеткіш люктармен 
қаматамсыз етіледі, сол кезде көруге, тазалауға және жөндеуге сонымен 
қатар, ішкі қондырғыны монтаждау мен демонтаждауға болады. 
Ыдыстардың ішкі диаметрі 800 мм жоғары болса үлкен люк, ал 
800 мм төмен болса кіші люк деп аталады. 
Үлкен және кіші люктер қызмет көрсетуге ыңғайлы жерде 
орналасады. Люк қақпақтары алынытын болу керек. 
Ыдыстардың түбі келесідей болады: элиптикалық, жартылай 
сфералы, торосфералы, конустық, жазық және тағы басқа. 
Дәнекерленген тігістер тесіктерді бітейді. Олар ыдысты дайындау 
кезінде бақылауға, монтаждауға және эксплуатациялауға ыңғайлы болу
керек. Үлкен және кіші люктердің және штуцердің тұтқалары 
дәнекерленген тігістен алшақ орналасу керек. 
Ыдыстарды жасап шығаруға арналған материалдар берілген іске 
пайдалану шарттарын, ортаның құрамы мен сипатын және қоршаған ауа 
температурасының ықпалын ескере отырып, есептік қызмет мерзімінің 
ішінде олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс. 
Ыдыстарды және олардың элементтерін дайындауда, монтаждауда 
және жөндеуде қасиеті мен сапасы стандартпен және техникалық 
жағдайлармен бекітілген материалдар қолданылады.
Ыдыстарды 
және 
олардың 
элементтерін 
дайындау, 
реконструкциялау, монтаждау, реттеу және жөндеу жұмыстарын қажетті 
сапада орындайтын, қажетті бұйымдармен қамтамасыз етілген арнайы 
ұйымдар жасайды. 
Дәнекерленген тігістер пайдалану кезіндегі жоғарғы сапа 
сенімдіклікті көрсететін, сонымен қатар ақауларды тауып беретін 
әртүрлі әдістермен бақыланады. 
Термиялық өңдеу, металл деформациясы секілді барлық 
технологиялық үдерістерден
кейін бұйымды, жиналмалы бірліктерді 
және дәнекерленген байланыстарды тағы бір рет бақылайды. Әртүрлі 
бақылау нәтижелері есептік құжаттамада (журнал, формуляр, хаттама, 
маршрутты паспорт және тағы басқа) тіркеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет