¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Жылулықты оқшаулау, қыздырғыш, коррозиядан



Pdf көрінісі
бет52/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65
Байланысты:
treatise42883

3.4.4. Жылулықты оқшаулау, қыздырғыш, коррозиядан 
қорғану және құбырларды бояу. Құбырларды куәландыру.
Жылулықты оқшаулаудың қажеттілігі әрбір белгілі жағдайда 
тасымалданатын заттың қасиетіне, орнымен және құбыр жолдарын салу 
әдістеріне, сонымен қатар, өндіріс қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға 
тәуелді анықталады. 
Жылулықты оқшаулау жылу жоғалтуды төмендету, конденсация 
мен салқындағанда өнімнің қатуын (олеум, нитробензол, балқыған 


93 
күкірт), мұз және гидратты тығын болдырмау үшін, сонымен қатар, 
құбырлар 60 
0
С, ал жұмыс орнындағы құбырлар 45 
0
С температурадан 
жоғары болған кезде қызметкерлердің күйіп қалуын болдырмау үшін 
қолданылады. 
Оқшаулау төмендегі қасиеттерге ие болуы керек: жылу 
өткізгіштігі төмен, жылу сыйымдылығы төмен, құбырдың жағылуы 
жеңіл, массасы аз, ұзақ уақытқа төзімді және арзан. 
Бейметалдардан дайындалған құбырлардың жылу өткізгіштігі 
төмен, әдетте оларды оқшаулаумен жаппайды. 
Қататын немесе кристалданатын өнімдерді (мысалы балқыған 
күкірт немесе нафталин) қыздырып тасымалдайды. Ол үшін негізгі 
(материалды) құбырды бу құбырмен тығыздап жүргізеді, екеуін болат 
тормен бекітеді және оларды ортақ оқшаулайды. Бу құбырды хомуттың 
көмегімен материалды құбырға тартады. 
Материалды құбырды қарқынды қыздыруды қажет ететін кейбір 
жағдайда бу көйлегін қолданады. 
Агрессивті заттарды тасымалдағанда құбырдың ішкі қабатын 
реагенттің 
физикалық 
және 
химиялық 
қасиеттерін 
ескеріп 
сақтандырады. 
Сыртқы ортадан коррозиядан қорғау жүйелері мен түрлері құбыр 
жолдарының жағдайлары мен әдістеріне, сипаты мен сыртқы ортаның 
коррозия белсенділігінің дәрежесіне, электр эрозиясының қауіптілік 
дәрежесі мен тағы басқаларға тәуелді болады. 
Құбырларды куәландыру стандарт талабына сәйкес, сонымен 
қатар, ескертетін белгілер мен маркалық щиткалар көмегімен жүргізеді. 
Бұл құбырлармен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді және еңбек 
қауіпсіздігін қамтиды. 
Құбырлармен тасымалданатын 10 түрлі зат анықталынды. 
Төменде тасымалданатын затқа тәуелді құбырлардің куәландыру бояуы 
мен сандық мәндері келтірілген. 
Кесте 3-1. Тасымалданатын затқа тәуелді құбырлардың куәландыру 
бояуы мен сандық мәндері 
Сандық 
мәндер 
Тасымалданатын заттар 
Түстері 

Су 
Жасыл 

Бу 
Қызыл 

Ауа 
Көк 

Жанғыш газ 
Сары 

Жанбайтын газ 
Сары 

Қышқылдар 
Оранж 

Сілтілер 
Күлгін 

Жанғыш сұйықтықтар 
Қоңыр 

Жанбайтын сұйықтықтар 
Қоңыр 


94 

Басқа да заттар 
Сұр 
Өртке қарсы құбырлар ішіндегі заттарға (су, көбік, өртті өшіретін 
бу) тәуелсіз қызыл түске (дабылдық) боялады. 
Куәландыру бояуы құбырларға тегіс және кейбір аумақтарға ғана 
жағылуы мүмкін. 
Өте қауіпті тасымалданатын заттарға ескертетін сақиналы бояу 
жағады. Тасымалданатын заттың қасиетіне байланысты өте қауіпті 
заттар әртүрлі куәландырылатын түстерге боялады. 
Кесте 3-2. Тасымалданатын заттың қасиетіне байланысты өте 
қауіпті заттардың түстері
Оңай тұтанатын, отқа тұрақты 
және жарылысқа қауіпті 
Қызыл 
Қауіпті немесе зиянды 
Сары 
Қауіпсіз немесе нейтралды 
Жасыл 
Егер зат бірнеше қауіпті қасиеттерді көрсететін болса, онда 
құбырға бірнеше түсті бояумен сақина жүргізіледі. Вакуум құбырларға 
түрлі түсті бояумен «вакуум» деп жазылады. Құбырлармен 
тасымалданатын заттар адам өмірі мен денсаулығына тигізетін 
қауіптілігіне байланысты үш түрге бөлінеді. Заттың түрі мен 
көрсеткіштеріне сәйкес құбырға түсті сақинамен қатар ескертпелі сандар 
жазылады. 
Адам өмірі мен денсаулығына өте қауіпті заттар тасымалданатын 
құбырларға әртүрлі түспен боялған сақинамен бірге ескертпелі белгілер 
келтіріледі. Ол сары фонға қара түсті үшбұрыш белгісінде болады. 
Құбырларды бояу заттың агрессивті әсерінен басқа түске 
айналатын жағдайда маркалау белгілер келтіріледі. Олар құбырлармен 
тасымалданатын заттарға қосымша белгі ретінде келтіріледі. 
Маркалау 
белгілер, 
жазулар 
және 
ескертпелі 
белгілер 
коммуникацияның жауапты орындары және жақсы жарықтанған 
ғимаратта келтіріледі. 
Ғимараттың көрінетін жерінде құбырлар болған жағдайда 
түстерді, маркаларды және ескертпе белгілерді түсіндіретін түсіндірме 
тақтайы ілінеді. 
Құбырларды техникалық куәландыру
сыртқы тексеріспен және 
гидравликалық сынақ арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы тексеріс 
кезінде төмендегілерге көп көңіл бөлінеді: дәнекерленген тігістер мен 
фланц байланыстарының сапасы, сальник жағдайы: мәндер мен бұрылу 
бағыттарынның 
сақталуы, 
құбырлардың 
иілуін, 
құрылымның 
мықтылығын, қозғалмалы тіреуіштің дұрыс орналасуын, «өлі 
нүктелерге» құбырларды бекіту сенімділігін қадағалау, эксплуатация 
мен жөндеу кезіндегі арматураның қол жетерлігі. 


95 
Сыртқы тексерістен кейін құбыр гидравликалық сынаққа 
ұшырайды. Ол үшін құбырді 5
0
С температурадан төмен емес сумен 
толтырады, содан кейін сынақ жүргізу үшін арнайы сорғышты қосады. 
Сорғыштан сыналатын құбырға манометр орнатады. 
Қысым 0,5 МПа немесе 400
0
С температураға дейін жұмыс істейтін 
болат құбыр сынақ кезінде қысым 1.5 р-тен болу керек (р-жұмысшы 
қысымы), бірақ 0,2 МПа қысымнан төмен болмауы керек; қысым 0,5 
МПа қысымнан жоғары болғанса сынақ қысымы 1.25 р-тен болады, 
бірақ ( р+0.3) МПа төмен болмау керек, басқа құбырлар үшін сынақ 
қысымы – 1.25 р, бірақ 0,2 МПа қысымнан төмен болмауы керек. 
Вакуумдық құбырлар сынақ кезінде 0,2 МПа гидравликалық сынақтан 
аспауы керек. 
Құбыр 10 минут сынақ қысымында болады, содан кейін қысымды 
жұмысшы қысымға дейін төмендетеді. Жұмысшы қысымда құбырдың 
сыртқы тексерісі қайта жүргізіледі. 
Манометрдегі 
қысым 
түспегенде 
құбыр 
мен 
арматура 
корпусындағы дәнекерленген тігісте үзік болмаған жағдайда 
гидравликалық сынақ нәтижесі қанағаттандырылады. Жеке жағдайларда 
гидравликалық сынақты пневматикалық сынақпен алмастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет