¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет51/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
Байланысты:
treatise42883

Қорғағыш арматура.
Оған қорғағыш клапандар мен мембраналар 
жатады. 
Газды, буды және сұйықтықтарды тасымалдайтын құбырларда 
қысымды рұқсат берілген қысымнан жоғыры болдырмау үшін қорғағыш 
клапандарды орнатады. Қысым жоғарлағанда клапан ортаның бір 
бөлігін атмосфераға шығарады немесе сорғыш қондырғыға жібереді. Газ 
тәрізді ортаның шығуы жұмыс орнына жақсы естіліп тұру керек. Кейде 
құбыр соңына сықырғыш орнатады. Бу бөлінгенде құбырлардан 
конденсат алынады. Қысым қалыпты жағдайға түскенде клапан 
автоматты түрде жабылады. 
Қорғағыш клапандарды автоклавтарда, цехтағы пештер мен 
компрессорларда, сонымен қатар, редукциялы клапаннан кейін цех 
құбырларға орнатады. 
Қорғағыш клапандар серіппелі және рычаг-жүкті болып бөлінеді. 
Жүкті клапандар секірмелі клапанмен салыстырғанда сальникті 
тығыздыққа ие емес, сол себепті герметизацияны толығымен 
қамтамасыз ете алмайды. Сол үшін ғимарат ішіндегі жанғыш заттарды 
тасымалдайтын құбырларда қолданбайды. 
Қысым мен қорғағыш клапан арасындағы тірегіш арматураны 
монтаждау мүмкін емес. 
Қорғағыш мембрананы
қорғағыш клапанның орнына ыдыс пен 
құбырларға орнатады. Мембраналар герметикалық және сенімді. 
Олардың дайындалуы қарапайым және арзан. Кемшілігі - бір рет қана 
қолданылады. 
Арнайы арматураларға
су бөлгіштер, конденсат жібермейтіндер, 
көрсеткіш фонарлар, қайтымды клапандар, тұзақтар, дем алдырғыш 
клапандар, отты шектегіштер жатады. 


92 
Су бөлгіштер
конденсірленген будан су тамшысын бөледі және 
оларды бу құбырлардан алып кетеді. Құбырларда бу қозғалғанда суық 
құбыр қабырғаларының әсерінен конденсация үдерісі жүреді. Жылулық 
изоляция әсерінен конденсация төмендейді, бірақ толығымен 
жойылмайды. Бу құбырларда конденсаттың болуы өте қауіпті, себебі 
гидравликалық соққы шығуы мүмкін, сонымен қатар, жылудың бір 
бөлігі жойылады.
Бу құбырлардан тамшының тамуы су бөлгіштің қатысында қоспа 
жылдамдығының бірден төмендеуі мен қозғалыстың бағытын өзгерту 
нәтижесінде болады. 
Конденсат жібермейтіндер,
өнімнен конденсатты бөледі және 
оны қондырғыдан шығарады. Химия өнеркәсібінде қолданатын 
жылудың біраз бөлігі әртүрлі заттарды қыздыруға жұмсалады. Керең бу 
өзінің жылуын беріп үлгермейді және толығымен конденсацияланбайды. 
Жылудың біраз бөлігі қолданылмай қалады. Конденсат жібермегіштер 
бу беретін жылуды рационалды қолданудың нәтижесінде қондырғының 
шығымын арттырады. 
Өнімнің қондырғыға берілу жылдамдығын реттеу немесе өнім 
құрамын бақылау мақсаты үшін қондырғыға 
көрсеткіш фонарлар
орнатады. 
Вакуум-құбырлар үшін қайтымды клапандардың
сыртқы түрі 
көрсеткіш фонарға ұқсайды. Мұндай вакуум фонарлар сұйықтықпен 
толтырылған қондырғыны вакуум-сорғышпен қосатын вакуум-
құбырларға қолданады. Ол вакуум-құбырларды клапандарды жауып 
қалатын белсенді химиялық сұйықтықтардан қорғайды. 
Құбырлармен берілетін сұйықтықтарға қатты заттарда түсіп 
қалады. Сұйықтықты аумаққа жіберу алдында тазалау мақсатында 
құбырға тұзақ орнатылады. 
Дем алдырғыш клапандар
ішінде жанғыш сұйықтық бар 
резервуарлардың қысымын реттеуге арналған. Ол әртүрлі үдерістерде, 
температура тербелісінде резервуардағы атмосфералық қысымды 
ұстайды. 
Отты шектегіштер
жанғыш буы мен газы бар реакциялық 
қондырғыны атмосферамен жалғайтын жерде орнатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет