¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет47/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
Байланысты:
treatise42883

Ыдыстың орналасуы.
Ыдысты адамдар жиналмайтын алаңда 
немесе ғимараттан алшақ орналастырады. 
Ыдысты 
ғимараттың 
ішіне 
қойғанда 
оның 
жан-жағы 
қабырғалармен қоршалған, қызметкерлердің тек қана арматураға кіруге 
рұқсаты болу керек немесе ыдысты терен қазылған жерге орнату 
болады. Сондай жағдайда ыдыс қабырғалары коррозиядан қорғалу 
керек. 
Қондырғыны үйлердің арасында, қоғамдық және тұрмыстық 
ғимараттарда, сонымен қатар, ғимарат жанына орналастыруға 
болмайды. 
Ыдыстарды қарауға, жөндеуге және іші мен сыртын тазалауға 
мүмкін болатындай етіп құру керек. 
Ыдыста ыңғайлы қызмет атқару үшін алаңдармен және 
сатылармен жабдықтайды. 
Ыдыстарды техникалық куәландыру.
Монтаждан кейін және 
жұмысқа дейін ыдыстарды техникалық куәландыру қажет. Қоршаған 
ортада бұзылысты және физика-химиялық айналымды тудыратын 
материалдар сыртқы және ішкі тексеруге 4 жылда бір рет, ал 
гидравликалық сынаққа 8 жылда бір рет түседі. 
Біріншілік куәландыруда ыдыс ережеге сәйкес қондырғылануы 
мен орнатылғаны және ешқандай кемшілігі жоқ екеніне көз жеткізіледі. 
Периодты және кезексіз куәландыруда ыдыстың істен шықпағанын және 
оны ары қарай эксплуатациялауға қолдануға болатыны көрсетіледі. 
Ыдыс элементінің мықтылығы мен оның қосылысының 
тығыздығын тексеру мақсатында арматурамен жалғанған ыдыс 
гидравликалық сынаққа түседі. 
Ішкі тексеру мен гидравликалық сынақтан өткізу үшін ыдыс ең 
алдымен жұмысынан тоқтатылады, салқындатылады, жұмыс ортасынан 
босатылады, барлық құбырлар қысым мен басқа көздерден өшіріледі. 
Металдық ыдыстар металға дейін тазартылады. Қауіптілігі 1-ші және 2-
ші кластағы зиянды заттармен жұмыс істелетін ыдыстар мұқият 
өңделуге 
жіберіледі 
(нейтрализация, 
газсыздандыру). 
Электр 
қыздырғыштар мен ыдысқа қосылатын сымдар ажыратылуы керек. 
Эксплуатациядағы ыдыстың кезексіз куәландыруы келесі 
жағдайларда жүреді: егер ыдыс 12 айдан артық пайдаланбаса; егер 
өздігінен ыдыс бетінің дөнестігі немесе батқан жерлер түзелсе, сонымен 
қатар, қысыммен жұмыс істейтін элементтер күйдіріліп немесе 
балқытылып қайта құру немесе жөндеу жұмыстары жүргізілсе; ыдыс 
қабырғасына қорғағыш қабатты салар алдында; апаттық жағдай болған 
кезде, уәкілетті органның талабы бойынша ыдыстың техникалық 
жағдайын тексергенде және эксплуатациялағанда. Кезексіз куәландыру 
жүргізгенде не себепті куәландыру жүргізілгені туралы мәлімет 
келтірілуі керек. 


85 
Ыдыстардың техникалық куәландырылуы арнайы жөндеу-сынау 
орындарында, дайындағыш ұйымдарда, толықтырғыш станцияларында, 
сонымен қатар, қажетті базасы бар жетекші ұйымдарда жүзеге 
асырылады. Техникалық куәландырудың нәтижелерін, ыдыстың рұқсат 
берілген көрсеткіштерін және келесі куәландырудың мерзімін ыдыс 
паспортына көрсетіп жазады. 
Егер куәландыру кезінде қосымша сынақтар жүргізген болса, онда 
паспортқа оның түрі мен нәтижесін, сонымен қатар не себептен 
қосымша сынақ қолданылғаны жазылады. 
Егер куәландыру кезінде ыдыстан қандайда бір ақау табылса, оны 
ары қарай пайдалану үшін мықтылық көрсеткіштері (қысым және 
температура) төмендетілуі керек, олар есептелінеді. Осы берілген 
рұқсаттар паспортта жазылады. 
Егер куәландыру кезінде табылған ақаулар мен бұзылулар ережеге 
сәйкес келмейтін болса, онда ол істен шығады. 
Қауіптілігі 1-ші және 2-ші кластағы зиянды заттар (сұйықтар мен 
газдар) жұмысшы қысымға тең қысымдағы ауада немесе инертті газда 
герметикалық сынақтан өткізіледі. 
Сыртқы мен ішкі тексеріс кезінде ыдыс мықтылығын төмендететін 
барлық ақаулар анықталуы тиіс, әсіресе келесілерге ерекше көңіл 
бөлінуі керек: 

Ыдыс бетіндегі – сызат, үзік (надрыв), қабырға коррозиясы (әсіресе 
түсіру мен кесу жерлерінде), беттін дөнестігі («көйлекті» ыдыстарда, 
сонымен қатар отты немесе электр қыздырғышты ыдыстарда), 
қабыршақтар (құйылатын ыдыс); 

Дәнекерленген тігістерінде – пісіру ақауы, үзіктер, қосылулар; 

Жапсыру тігістерінде – жапсыру арасындағы сызат, коррозияның 
іздері, үзіктердің арасындағы үзіліс; 

Бетті коррозиядан қорғалған ыдыстар – футеровканың бұзылуы, 
сонымен қатар футеровка қабаттарының плиткаларындағы әлсіздік
гуммирлі, қорғасынды немесе басқа беттердегі сызат, эмальдың 
сызылуы, бетіндегі сызат пен жарықшақтар, ыдыс қабырғасының 
сыртқы беттік қабатындағы металдық бұзылыстар. 
Гидравликалық сынақ ішкі мен сыртқы тексеріс қанағаттандырған 
жағдайда ғана жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет