¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


 Құбыр жолдарының арматурасы



Pdf көрінісі
бет50/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
treatise42883

 
3.4.3. Құбыр жолдарының арматурасы
Құбыр арматураларын мақсатына қарай тірегіш, реттегіш, 
қорғағыш және арнайы болып бөлінеді. 
Тірегіш арматура.
Арматура ортадағы қозғалысты тоқтатуға 
және өнімді өткізуге арналған. Арматура келтірілетін және автоматты 
болып бөлінеді. Келтірілетін арматура сыртқы күштің әсерімен 
ашылады және жабылады: электр қозғағыш, гидро және пневм 
келтіргіштер немесе 
қарапайым қолмен. Келтірілген 
тірегіш 
арматуралар сипатына байланысты үш түрлі болады – кран, вентиль 
және ысырма (сурет 3-3).
Сурет 3-3. Тірегіш арматура: а – кран,б –вентиль, в –ысырма. 
Өту жолы 50 мм жоғыры болатын құбырлар үшін негізгі арматура 
ысырма болып келеді. Оның гидравликалық кедергісі өте төмен, сенімді 
нығыз бітеледі, ұзындығы үлкен емес және ортаны алмастырып жұмыс 
істей алады. 
Диаметрі 50 мм төмен құбырлар үшін вентиль қолданылады. 
Кранды вентиль мен ысырманы қолдану мүмкін емес болған жағдайда 
ғана қолданады. 
Автоматты арматура тасымалданатын ортаның әсерімен ашылады 
және жабылады. 
Тірегіш арматураны реттегіш арматура ретінде қолдануға тиым 
салынған. 
Реттегіш арматура.
Оған қайтымды және редукциялы клапандар 
мен қысымды автоматты реттегіштер жатады. 


91 
Қайтымды клапандар
(көтермалі және айналмалы) ортаны бір 
бағытқа ғана жібереді. Көтермелі клапандарды су (суды сорғаннан кейін 
жиі қолданады) және бу, сонымен қатар негізгі жолдарда ғана 
қолданады, ал айналмалы клапандарды (шойынмен гуммирленген) 
күкірт пен тұз қышқылдары мен қатар басқада белсенді химиялық 
заттарды 
тасымалдағанда 
қолданады. 
Көтермелі 
клапанның 
герметикалық қасиеттері айналмалымен салыстырғанда жоғары. 
Айналмалы клапанда тас, құм түскенде өздерінің герметикалық 
қасиеттерін жоғалтады және түскен заттар жеңіл алынады. 
Редукциялы клапан
құбырларда ортаның қысымын түсіруге 
қолданады. Бұл клапандарды цехке кіретін жерде бу мен қысылған ауа 
құбырларда орнатады. 
Тікелей әсердегі қысымды автоматты реттегіш
агрессивті емес 
газдар, ауа, мұнай өнімдері мен 300
0
С температураға дейінгі буды 
тасымалдайтын 
құбырларда 
берілген 
қысымды 
ұстау 
үшін 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет