¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Ыдысты бақылау, құрылымы, қызметі және жөнделуі



Pdf көрінісі
бет48/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Байланысты:
treatise42883

Ыдысты бақылау, құрылымы, қызметі және жөнделуі.
Ыдысты жұмыс істейтін жағдайда бақылау үшін төмендегілер қажет: 

Ыдыстың бұзылмаған қалпы мен қауіпсізідігіне жауапты адамды 
бекіту, техникалық жағдайы мен эксплуатациясына жауапты адамды 
бекіту, қызмет көрсететін тұлғалар, оқытылған және куәлігі бар 
қызметкерлер; 


86 

Ыдыстың қызмет көрсету ретін анықтау, қондырғыны бақылау, 
арматураның іс-әрекетін бақылау, қорғағыш және блоктайтын 
қондырғылар және ыдыстарды қызмет бабында ұстау; 

Бекітілген мерзімде техникалық куәландыру мен ыдыстардың 
диагностикасын жүргізу; 

Ыдыстармен қауіпсіз қызмет көрсету мен жұмыс тәртібі жайлы 
нұсқамалар мен ережелерді білетінін тексеру, сонымен қатар оларды 
басқарушы қызметкерлер мен мамандармен жүзеге асыру. 
Ыдыстарды апаттық тоқтату.
Ыдыс төмендегі жағдайларда 
жұмысын бірден тоқтатуы керек: егер қысымы рұқсат етілген шамадан 
асып кетсе; қорғағыш қондырғыларда бұзылған бөлшектер болған 
жағдайда; ыдыс қондырғысында немесе оның элементінде тығыздық 
болмаған жағдайда; төсеніш үзілісі; монометр бұзылғанда және 
қысымды басқа қондырғылармен анықтау мүмкін болмаған жағдайда; 
қорғағыш блоктау қондырғылары бұзылғанда; ыдысқа қауіп төндіретін 
өрт жағдайы болған жағдайда. 
Ыдыстың апаттық жағдайда тоқтатылуы мен қайта іске қосылуы 
нұсқамада жазылуы керек. Ыдыстың апаттық жағдайда тоқталған себебі 
кезекті журналда жазылуы керек. 
3.4. Химиялық өндірістің құбыр жолдары.
3.4.1.Құбыр жолдарының жалпы сипаттамасы
Құбыр жолдарының желілері қауіпті көздердің бірі болып 
табылады, себебі қиын жағдайдағы пайдалануда құбыр материалы 
бұзылады және фланц қосылыстары бұзылады, құбырлар ұзақ жерге 
созылғандықтан және тармақталғандықтан бақылау өте қиынға соғады. 
Химиялық өндірістегі құбырлардың материалдары ретінде шойын, 
көміртекті болат, мыс және оның балқымалары, қорғасын, титан, 
алюминий, фосфор, шыны, резина, пластикалық, көміртек графитті 
массалар және тағы басқалары қолданылады. 
Мұндай әртүрлі материалды қолданылуы құбыр жолдарының 
пайдалануымен байланысты болады. Құбырлар мен арматураларды 
дайындағандағы материалдарды таңдауда механикалық мықтылығы, 
жоғары және төмен температураларға тұрақтылығы, сонымен қатар, 
коррозияға мықтылығы секілді факторлар есепке алынады. 
10 МПа қысымда жұмыс істейтін барлық технологиялық құбыр 
жолдары қоршаған ортаға берілетін қауіпті кластарға сай А, Б және В 
топтарына және қоршаған ортаның жұмысшы көрсеткіштеріне тәуелді 
бес (I - V) категорияға жіктеледі. А тобына қауіптігі 1-ші, 2-ші және 3-ші 
класқа жататын улы заттарды тасымалдайтын құбыр жолдары жатады, 
Б тобына жанғыш заттар, қысылған газдар, оңай тұтанатын және 
жанғыш сұйықтықтар тасымалдайтын құбыр жолдары жатады, В тобына 


87 
қиын жанатын және жанбайтын заттарды тасымалдайтын құбыр 
жолдары жатады. 
Құбыр жолдары желілерінің эксплутациядағы сенімділігі мен 
қауіпсіздігі оны құрайтын элементтерге, салу дұрыстығына, сапалы 
монтажға, құбыр өзіне және оған орнатылған арматуралардың 
жағдайына және уақытылы жөндеу жұмыстарына тәуелді. 
Қауіпсіздік және сенімділік талаптары төмендегілерді қарастыру 
керек: 

Көтергіш көлік қондырғыларын қолдану мүмкіндігі мен құбыр 
жолдарының техникалық жағдайларын бақылау және бақылау 
жұмыстарының барлық түрлерін орындау, тігістерді термиялық 
өңдеу және оларды сынау; 

Құбыр жолдарын технологиялық түйіндер мен блоктарға бөлу; 

Құбыр жолдарын коррозиядан қорғау және оқшаулау, екіншілік 
найзағай мен статикалық электрдің пайда болуы; 

Құбыр жолдарының барынша қысқалығы; 

Құбыр жолдарының салбырау болмау керек; құбырлардын ішінде 
іркілген аумақты болдырмау. 

Құбыр 
жолдарындағы 
температуралық 
деформацияны 
компенсациялау мүмкіндігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет