Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA



Pdf көрінісі
бет135/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA
Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі 
- жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық 
құрттар төменгі сатыдағы құрттардан - морфологиялық жағынан да, 
биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып 
келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) 
құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі 
ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі 
метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе 
целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік 
қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық 
затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу 
жүйесі де дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы 
ішектен құралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы 
коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. 
Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.


Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара 
жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен 
бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. 
Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына 
қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, 
паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер - Aclitellata 
және белдеулілер - Clitellata.

БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA

БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA.

КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

КЕЗБЕШІЛЕР НЕМЕСЕ ЕРКІН ЖҮЗУШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ -
ERRANTIA

ОТЫРҒЫШТАР НЕМЕСЕ БЕКІНІП ТІРШІЛІК ЕТЕТІНДЕР 

КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA 

БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELLATA 

АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA 

Найдоморфа отряды - Naidomorpha 

Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha

СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA

ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHI-HIRUDINEA

Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellida

НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA

Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida 

Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет