Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет137/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

89-сурет
Nereis pelagica: A - бас бөлімі; 1 - простомиум, 2 - антенна (мұртша), 3 - пальпа, 
4 - көздері, 5 - перистомиум, 6 - цирра, 7 - параподия (тұлға сегментінде); Б - параподия; 
1,2 - нотоподия, 3 - арқа циррасы, 4 - нейроподия, 5 - құрсақ циррасы, 6 - қылтандар, 7 - 
сүйеніш қылтан (ацикула
)
Параподиялардың және қылтандарының көлемі, формасы, саны әр 
түрлі. Кейбір қозғалып өмір сүретін полихеттерде параподияларының үстінде 
тарамдалған өсінділері бар, олар - желбезектер /Eunice тұсында/. Бекініп 
тіршілік ететін түрлерінде параподиялар денесінің алдыңғы жағында ғана 
дамыған, ал денесінің артқы жағында олар жойылып, тек қылтандары ғана 
сақталған, солар арқылы құмды қазады. Ал Dinophilus - туысының 
өкілдерінде параподиялары мен қылтандары жоқ.
Құйрық бөлімінің немесе пигидияның сегменттері 5-6 ғана, олар тұлға 
сегменттерінен өзгеше, өте жіңішке, целом қуысы және параподиялары жоқ.
Көпқылтандылардың денесі бір қабатты эпителимен қапталынған. 
Эпителий өзінің сыртқы жағына жұқа кутикула бөліп шығарады. 
Эпителиінде без клеткалары көп. Бекініп тіршілік ететін полихеттерде без 
клеткаларының сыртқа шығарған, қатқан сілекейінен хитин тәрізді түтікше 
пайда болады, ал Telepus туысының өкілдері шығарған сілекейіне құмның 
ұнтағын жабыстырып, мықты түтікше немесе "үйшік" жасап алады.
Эпителидің астында тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Ол сыртқы 
сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы бүлшықеттерден құралған. Тері-
бұлшықет қапшығы ішкі жағынан перитонеальды астаршамен (целотелимен) 
қапталынған.
Целом.
Полихеттердің ішкі мүшелері дененің қуысында жатады, сол 


қуысты екінші немесе целом қуысы деп атайды. Целомның бірінші қуыстан 
ерекшелігі - арнайы қабаты болуыңда. Целом қабаты - перитонеальды 
эпителий немесе целотелий мезодерма клеткаларынан түзілген. Тері-
бұлшықет қапшығын астарлайтын қабаты соматоплевра (париеталь), ал ішек 
пен қан тамырларын астарлайтын - спланхноплевра (висцеральдық) деп 
аталады және арқа, құрсақ мезентериялық перделері болады. Осы арқа құрсақ 
перделері арқылы целом (оң жақ және сол жақ) екі бөлікке бөлінген (целом 
қапшығына). Дененің іш қуысы көлденең перделер немесе диссепименттер 
/септалар/ арқылы жеке камераларға бөлініп тұрады, мұндай камералар 
сыртқы сегментацияға сәйкес. Целом қуысы сұйық затқа толы.
Целомның негізгі қызметі - тірек, зәр шығару, тасымалдаушы және сол 
қуыста ұрық клеткалар пісіп жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет