бұларда дамымайды, ал эпитокия бөлімінің сегменттері күшті өзгерістерге
ұшыраған, яғни ішкі мүшелері нашар дамыған, сегменттің іші жыныс
жұмыртқаларына толы, сегменттерінде жалпақтау жүзу қалақшалары
болады.
Эпиток бөлімдері әр түрлі жолмен атокты бөлімінен ажырап, теңіздің
жоғарғы қабатына көтеріліп, жиналады. Осы жерде жыныс клеткалары
сегменттерден суға шығарылып, жұмыртқалар ұрықтанып, бөлшектену
кезеңі басталады. Ал атокты бөлімдері сол мекен ететін жерлерінде қалып,
регенерациялық қабілеттілігіне байланысты жойылған сегменттерін қалпына
келтіріп отырады.
Эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырауы әр түрлі: палоло
өкілдерінде (Eunice viridis) эпитокия сегменттері жеке-жеке үзіліп немесе
бірнеше біріккен сегменттері үзіліп теңіздің жоғарғы қабатына көтеріледі;
Autolytus cornutus-тың эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырайтын
жерінде басы пайда болып, эпиток бөлімі өз алдына бөгде особьқа айналады;
Myrianida fasciata-лар эпиток бөлімінде жыныс зооидтарды немесе
бластозооидтарды түзейді. Олардың, біреуі үзіліп түспей тұрып, екіншісі,
үшіншісі, көптеген (30-ға дейін) бластозооидтар түзіледі (92-сурет). Кейін
олар бөлек-бөлек үзіліп кетеді; Syllis romaso-да бүйірлік бүршіктену
байқалады, басқа түрлерінде эпитокия бөлімінің бүршіктенуі ұзына бойлық
бағытта өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: