Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет142/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

94-сурет.
 
Polygordius-тың дамуы: А - трохофора; Б - трохофора метаморфозы; I - аналь 
тесігі, 2 - артқы ішек, 3 - ортаңғы ішек, 4 - бұлшықеті, 5 - метатрох, 6 - прототрох, 7 - 
төбелік тақта, 8 - тебе айдары, 9 - ауыз тесігі, 10 - алдыңғы ішек, 11 - трохофораның 
төменгі бөлігі (гипосфера), 12 - протонефридия, 13 - мезодермальды жолақ, 14 - 
мезобласт, 15 - диссепимент, 16 - целом
Кірпікшелерінің көмегімен трохофора біраз уақыт судың жоғарғы 
қабатында жүзіп жүреді де, кейін су түбіне түсіп, метаморфозға ұшырап, 
келесі метатрохофора личинка сатысына ауысады. Метаморфоз өзгерісіне 
ұшыраған кезінде трохофораның үстіңгі эписфера жартысы 
метатрохофораның бас қалақшасына - простомиумға айналады, төбелік 
тақтасының клеткалары - ми ганглиясына, төменгі гипосфера жартысы 


созыльш перистомиумға және үш сегментке - Nereis, Pomatoceros туысында, 
ал қалғандарында 9-13-сегменттерге дейін бөлінеді. Сегменттерінде 
параподиялары, қылтандары дами бастайды. Сонымен қатар трохофора 
ішегінің бүйірлерінде орналасқан екі телобласт клеткалары тез бөлініп 
ұзарған мезодермалық жолақтарды тудырады да, олар сегменттерінің санына 
сәйкес тығыз орналасқан клеткалар тобына немесе сомиттерге бөлінеді. 
Кейін сомит клеткалары ішек пен теріге қарай ысырылып, ортасыңда целом 
қуысы пайда болады (94-сурет).
Трохофораның артқы
ұшы 
метатрохофораның аналь қалақшасына немесе пигидиясына айналады.
Сонымен, сегменттелмеген алғашқы дене қуысы, протонефридиялы 
жүйесі бар трохофора келесі личинкалық кезең - метатрохофораға - ауысады. 
Түзілген метатрохофора бас бөлімі (простомиумнан, перистомиумнан), 
бірнеше ларвальдық (Larva - личинка) немесе личинкалық сегменттен және 
кішкентай анальды бөлім - пигидиумнан тұрады. Метатрохофора біраз уақыт 
суда жүзіп жүреді де, кейін ересек түріне айнала бастайды. Осы кезде 
пигидия (аналь) бөлімінің алдыңғы жиегінде өсу зонасы түзіледі. Өсу 
зонасының клеткалары үздіксіз бөлініп, жаңадан сегменттерді бере 
бастайды, бұлар ересек формасының сегменттері немесе постларвальды 
(ларвальды сегменттен кейінгі) сегменттері. Әрбір сегмент пайда болған 
сайын өсу зонасы да соған ауыса береді.
Сегменттерінің әрқайсысының ішінде, ішектің екі жанында орналасқан 
сомитгерден целом қапшығы қалыптасады. Бұл өзінің дамып өсу кезінде 
біртіндеп бірінші қуысты ығыстырып шығарады (95-сурет). Осыған 
байланысты бірінші қуыс сомиттердің арасында, ішектің маңында ұзынша 
саңылаулар (синус, лакуна) түрінде қалады.
Целом қуысының арнайы қабаттары болады: теріге жанасатын - 
париетальді кабаты немесе соматоплевра; ішекке - висцеральды немесе 
спланхноплевра; ішектің үстіңгі және астыңғы жағыңда орналасқан арқа-
құрсақ мезентериялар; екі сегменттің қуысы бір-бірімен түйіскен жерінде 
диссепимент құрылады. Осы қабаттардан клеткалар бөлініп, олардан ішкі 
мүшелер қалыптасады: соматоплев-радан - бұлшықеттер, спланхноплеврадан 
- ішек бұлшықеттері, мезентериялардан - арқа-құрсақ қан тамырлары, 
диссепименттен - жыныс воронкасы (целомодукт). Целом қуысы қалыптасып 
болғаннан кейін әрбір сегменттерінде параподиялары және ішкі мүшелері 
дамиды.
Сонымен, метаморфоз өзгерісінде екі түрлі сегменттер құралады: 
ларвальды және постларвальды. Бұлардың ерекше белгілері: ларвальды 
сегменттер ең алдымен және бір уақытта түзіледі, сегменттациясы сыртқы 
жағынан басталады, метанефридиялары және жыныс клеткалары болмайды; 
постларвальды сегменттер ларвальды сегменттерден кейін түзіледі және бір 
уақытта емес, сегменттациясы ішкі жағынан мезодермадан басталады, 
метанефридиялары, жыныс бездері дамиды.
Полихеттердің дамуын зерттеуде эмбриолог П. П. Иванов (1912, 1928, 
1944) зор еңбек етті. Ол полихеттердің сегменттерінің екі жақтылық тегінің 
теориясын дамытты. П. П. Иванов метатрохофораның аздаған сегменттерін 


ларвальды деп, ал онан кейін пайда болған сегменттерді постларвальды деп 
атады. Олигомерлі полихеттердің денесі тек қана ларвальды сегменттерден 
тұрады, сондықтан олар метатрохофораға ұқсас (Dinophilus, Myzostomum). 
Полимерлі полихеттердің денесі әр түрлі тектес бөлімдерден құралған: бас 
бөлімі - простомиумнан, перистомиумнан; бірнеше ларвальды; көптеген 
постларвальды сегменттерден және аналь бөлімі - пигидиядан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет