Классификациясы.
Көпқылтандылар класы екі класс тармағына
бөлінеді: кезбешілер немесе еркін жүзушілер - Errantia және отырғыштар
немесе бекініп тіршілік ететіндер - Sedentaria.
95-сурет.
Буылтық құрттардың целом қуысының дамуы: А - целом қуысы дамуының үш
сатысы; Б - дененің соңғы бөлімі (өсу сатысында); 1 - эктодерма, 2 - энтодерма, 3 -
мезодерма, 4 - алғашқы (бірінші) қуыс, 5 - ішек қуысы, 6 - целом, 7 - арқа қан тамыры, 8 -
құрсақ қан тамыры, 9 - құрсақ нерв тізбегі
КЕЗБЕШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ERRANTIA
Бас қалақшалары және параподиялары жақсы дамыған, сегменттері
гомономды, нефридиялары метамерлі орналасқан, көбінесе еркін жүзіп
немесе жорғалап жүретін жыртқыштар. Теңіз жағалауларында, литораль
аймағында мекендейді, 1 метрден 8 метрге дейін тереңдікте кездеседі, ал
Alciope vanadis - планктонды, мөлдір полихет. Негізгі тұқымдастары:
Aphroditidae, Phyllodocidae, Tomopteridae, Syllidae, Nereidae, Eunicidae.
Polygordiidae, Protodrilidae тұқымдасының өкілдері су түбін қазып, ал
Dinophilidae - жіп тәрізді балдырлардың арасында тіршілік етеді. Денелері
өте ұсақ, қарапайым құрылысты. Бұлар алғашқы полихеттерге (Archiannelida)
жатады.
Myzostomida тобындағы полихеттер тікентерілілердің (теңіз жұлдызы,
теңіз лалагүлі) паразиттері. Кезбешілер көбіне ащылау суларда мекендейді,
әсіресе Жерорта, Қара теңіз түбінде. Nereis-тер (Nereis diversicola) 1940
жылдары
Азов
теңізінен
Каспий
теңізіне жерсіндіріліп
(акклиматизацияланып), олар жаңа ортаға бейімделіп кең тараған. Бұлардың
балықтарға қорек ретінде маңызы зор.
ОТЫРҒЫШТАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA
Бас қалақшалары және параподиялары нашар дамыған, кейде
редукцияға ұшыраған, сегменттері гетерономды, нефридиялары және
желбезектері дененің алдыңғы сегменттерінде орналасқан, ін қазып немесе
түтікше, "үйшік" жасап, солардың ішінде тіршілік етеді, ұсақ
организмдермен, детритпен қоректенетін жануарлар. Негізгі тұқымдастары:
Arenicolidae, Chaetopreridae, Serpulidae, Sabellidae. Қүм құрттары (Arenicola
marina), ұзындығы 30 см-ге дейін, құмға ін салып, қалғандары терісі
шығаратын заттардан жасалынған мүйізді, ізбесті түтікшенің ішінде тіршілік
етеді. Отырғыштар теңіз формалары, тек Manayukia baicalensis (Sabellidae
тұқымдасынан) тұщы суларда кездеседі. Байқал көлінде табылған.
|