Бас, тұлға, аналь (пигидий) бөлімі бар. Тұлға бөлімі біркелкі бөлшектелген
гомономды
сегменттерден тұрады, сегменттерінің саны 5-тен 800-ге дейін
болады. Сегменттерінің саны аз болса
бұларды аз сегментті немесе
олигомерлі полихеттер деп атайды (Dinophilus, Myzostomum туысынан), ал
көп болса - көп сегментті немесе полимерлі полихеттер.
Бас бөлімі екі сегменттен құралған: ауыз алды немесе - простомиум
және ауыз сегменті - перистомиум. Простомиумда көру мүшелері,
қармалағыштары /антенна/ және пальпалары орналасқан, ал перистомиумда -
ауыз тесігі және бірнеше мұртшалары - цирралары (89-сурет).
Тұлға бөлімі біркелкі
гомономды сегменттерден тұрады, олардың
әрқайсысының бүйірінде метамерлі және
жұптасқан өсінділер немесе
параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады. Параподия екі
мүшеленбеген бұтақшадан тұрады: арқа /нотоподия/
және құрсақ
/нейроподия/. Параподидің арқа және құрсақ бөліктерінде мұртшалары
/цирралары/ және қылтандары шоғырланған. Мұртшалары сезу қызметін, ал
қылтандары жылжу қызметін атқарады. Қылтандар - жіңішке, хитинге жақын
органикалық заттан құралған. Осылардың арасында
ацикула деп аталатын
қатты, мықты ішкі сүйеніш қылтандары да болады (89-сурет).
Қылтандарының көп болатындығынан класс көпқылтанды құрттар деп
аталады (грек тілінде poly - көп, chaeta - қылтан).
Достарыңызбен бөлісу: