Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су
қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су
түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін
түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде,
дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері
оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа
буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі
жұп мұртшалары: акронның өсінділері - антеннулалары (antennula) және
денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna)
болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден,
тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы
сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит
(basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit) және
эндоподиттен (endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу
қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар (99-
сурет). Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі
елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.
Достарыңызбен бөлісу: